Мәзір

Азық-түлік корпорациясы 2023 жылға арналған астық сатып алу бағасын 15 қыркүйекте жариялайды

23.08.2023
Азық-түлік корпорациясы 2023 жылға арналған астық сатып алу бағасын 15 қыркүйекте жариялайды

«Қазақстанның азық-түлік корпорациясы» дәнді дақылдың биылғы бағасын 15 қыркүйекте жариялайды. Мұны кеше өткен Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды World of NAN.

«Егер бағаны жариялау мерзімі туралы айтатын болсақ, корпорация нарықтағы жағдайды зерттейді, ал 15 қыркүйекте елімізде және басқа елдерде егін жинау болжамы түпкілікті қалыптасқан кезде, біз сатып алу бағасын жариялауды жоспарлап отырмыз», - деді министр.

Министрдің айтуынша, биыл 1 қарашаға дейін Азық-түлік корпорациясының ресурстарына шамамен 850 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері жеткізілуге тиіс.

Өткен жылы Азық-түлік корпорациясының желісі бойынша оның ресурстарына астық жеткізудің қажетті көлеміне келісімшарт жасалды, ол үшін 81,2 млрд теңге, оның ішінде форвардтық сатып алу шеңберінде 21,2 млрд теңге және тауарлық кредит арқылы 60 млрд теңге бөлінді.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии