Азық-түлік Корпорациясы 2023 жылы жиналған ауыл шаруашылығы өнімдерін тікелей келісімдер бойынша сатып алу бағасын жариялады. Ұйым 350 мың тонна бидай сатып алуды жоспарлап отыр. Ал елімізде жиналған сұрыпқа жатпайтын астықтың өзі 5,6 млн тоннаға жуықтайды. Бұл туралы World of NAN порталы ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Корпорация таратқан мәлімет бойынша, ұйым 2023 жылдың егін жинау науқанындағы күрделі жағдайлар мен егін сапасының төмендеуін ескере отырып, Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның тапсырмасына сәйкес тікелей сатып алуды жариялаған.
Triticum aestivum L. бидайының 4, 5-сұрыпты және 2023 жылғы сұрыпқа жатпайтын бидай бағалары мынадай:
4-сұрыпты бидай – ҚҚС-пен 105 000 теңге және ҚҚС-сыз 93 750 теңге;
5-сұрыпты бидай (клейковина 27%+) – ҚҚС-пен 90 000 теңге және ҚҚС-сыз 80 357 теңге;
5-сұрыпты бидай (клейковина 18%+) – ҚҚС-пен 70 000 теңге және ҚҚС-сыз 62 500 теңге;
Сұрыпқа жатпайтын бидай (клейковина 27%+) – ҚҚС-пен 70 000 теңге және ҚҚС-сыз 62 500 теңге;
Сұрыпқа жатпайтын бидай (клейковина 18%+) – ҚҚС-пен 50 000 теңге және ҚҚС-сыз 44 643 теңге.
Корпорацияның хабарлауынша, жалпы көлемі 350 мың тонна астық сатып алу жүзеге асырылады, оның ішінде:
- 4-сұрыпты бидай – 125 мың тоннаға дейін;
- 5-сұрыпты бидай – 125 мың тоннаға дейін;
- Сұрыпқа жатпайтын бидай – 100 мың тоннаға дейін.
Сатып алу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады, бір жеткізушіден сатып алынатын астықтың жалпы көлемі 1400 тоннадан аспайды.
Сонымен қатар осы жылдың 5 желтоқсанынан бастап жиналған жұмсақ жаздық бидай егілген алқаптары 5000 гектардан аспайтын жеткізушілерден 500 тоннаға дейін өтінімдер қабылданады.
Ал осы жылдың 15 желтоқсанынан бастап жиналған жұмсақ жаздық бидай егілген алқаптары 5000 гектардан аспайтын жеткізушілерден 1400 тоннаға дейін өтінімдер қабылданады (бірінші кезеңге қатысқан өндірушілер жалпы жиынтықта 1400 тоннадан аспау шартымен екінші кезеңге де қатыса алады).
Жеткізу Азық-түлік корпорациясы айқындаған астық қабылдау кәсіпорындарына жүзеге асырылады. Зиянкестердің жұғуына жол берілмейді. Сондай-ақ сұрыпсыз бидайды жеткізу кезінде әлеуетті өнім беруші микотоксиннің құрамын тексеру актісін ұсынуға міндетті.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение