Мәзір

Азық-Түлік Корпорациясы форвардтық сатып алу аясында фермерлерге ақша аудара бастады

19.04.2024
Азық-Түлік Корпорациясы форвардтық сатып алу аясында фермерлерге ақша аудара бастады

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алу шеңберінде көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін АӨК субъектілерін қаржыландыра бастады. Бұл жөнінде World of NAN порталы корпорацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Бүгінгі таңда Азық-түлік корпорациясы ауылшаруашылық өнімдерін форвардтық сатып алу бойынша алғашқы төлемдерді диқандардың есепшотына аударды. Қаражат әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардан қайтаруға тиісті кепілдіктер берген шаруа қожалықтарының есепшоттарына аударылды», - делінген баспасөз хабарламасында.

Қалған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қаржы ресурстарын төлеу процесі екінші деңгейлі банктерден немесе әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардан тиісті кепілдіктер алғаннан кейін жедел түрде жүзеге асырылмақ.

Биыл бұл мақсаттарға барлығы 40 миллиард теңге қарастырылған.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии