Азық-түлік Корпорациясы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау аясында бидайды тікелей сатып алуды бастады. Triticum aestivum L 4 - 5 класты, сондай-ақ 350 мың тоннаға дейінгі класты емес бидай сатып алады. Бұл туралы World of NAN Қазақстан құс өсірушілер одағына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Талап бойынша, бір ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіден сатып алынатын астықтың шекті көлемі 1400 тоннадан аспауы тиіс.
Контрагенттерге қойылатын талаптардың қатарында соңғы үш айда салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің бар немесе жоқтығы туралы, қызмет көрсететін екінші деңгейдегі банктерден және басқа да қаржы институттарынан несиелік қарыздың болуы немесе болмауы туралы анықтамалар бар.
Еске салайық, желтоқсан айының басында үкімет бидайды тікелей сатып алу үшін Қазақстан Республикасының Азық-түлік корпорациясына резервтен 31,375 млрд теңге бөлген болатын.
Бұған дейін Азық-түлік Корпорациясы тікелей сатып алу келісімдері бойынша 2023 жылғы өнімге арналған ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу бағасын жариялаған болатын. 4-класты бидай – ҚҚС-пен 105 000 теңге және ҚҚС-сыз 93 750 теңге; 5-класты бидай (клейковина 27%+) – ҚҚС-пен 90 000 теңге және ҚҚС-сыз 80 357 теңге; 5-класты бидай (клейковина 18%+) – ҚҚС-пен 70 000 теңге және ҚҚС-сыз 62 500 теңге; класқа жатпайтын бидай (клейковина 27%+) – ҚҚС-пен 70 000 теңге және ҚҚС-сыз 62 500 теңге; класқа жатпайтын бидай (клейковина 18%+) – ҚҚС-пен 50 000 теңге және ҚҚС-сыз 44 643 теңге болып бекітілген еді.
Корпрпорация 4 және 5-класты бидайдың әрқайсын 125 мың тонна көлемінде, класқа жатпайтын бидайды 100 мың тонна көлемінде сатып алуды жоспарлаған.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение