Мәзір

Азық-түлік Корпорациясына үкіметтің бюджет резервінен 31 млрд теңге бөлінеді

24.11.2023
Азық-түлік Корпорациясына үкіметтің бюджет резервінен 31 млрд теңге бөлінеді

Үкімет бюджет резервінен 31,375 млрд теңге көлеміндегі қаржыны «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» акционерлік қоғамына аудармақ. Осы қаражаттың көмегімен ұйымның жарғылық капиталын толтыру көзделіп отыр. Үкімет қаулысының мәтіні Ашық НҚА порталына жарияланды, деп хабарлайды World of NAN.

«Ауыл шаруашылығы министрлігіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген шұғыл шығындарға арналған резервінен «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын толтыру үшін 31 375 000 000 (отыз бір миллиард үш жүз жетпіс бес миллион) теңге қаражат бөлінсін», - деп, құжатта жазылған.

Бұрын жария болған ақпаратқа сәйкес, Азық-түлік корпорациясы бұл қаржыны фермерлерден 350 мың тонна сапасы төмен астықты (неклассное зерно) сатып алуға жұмсайды.

Үкімет жобасы 30 қарашаға дейін жария талқылауда болады, ал Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енбек.

Биыл жазда болған аптап ыстықтың және астық жинайтын уақыт – тамыз айының соңы мен қыркүйек айында еліміздің солтүстік облыстарында толассыз жауған жаңбыр кесірінен өнімнің сапасы нашарлап, фермерлер шығынға батқан болатын. Үкімет осы қаулы арқылы фермерлерге көмек көрсетуді мақсат етеді.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии