Мәзір

Банк АӨК жобаларына 500 млрд бөлуге дайын

12.12.2023
Банк АӨК жобаларына 500 млрд бөлуге дайын

Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Мемлекет басшысына агроөнеркәсіп кешеніндегі қайта өңдеу көлемін 30%-дан 70%-ға дейін ұлғайту туралы тапсырманың орындалу барысы туралы баяндады. World of NAN порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Бүгінде Ауыл шаруашылығы министрлігі 2024-2026 жылдарға жүзеге асыру үшін ауыл шаруашылығы саласындағы құны 1,6 трлн теңге болатын 500 ірі әлеуетті жоба пулын дайындады. Алғаш рет екінші деңгейлі отандық банк аталған жобаларды жүзеге асыруға 500 миллиард теңгеге жуық өз қаражатын салуға дайын екенін білдірді. Әлеуетті жобалар тізімі жақын арада жаңартылатын болады.

Мемлекет басшысы Премьер-Министрдің орынбасарына ауыл шаруашылығы жобаларындағы қаржының тиімді жұмсалуына бақылауды күшейтуді тапсырды.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии