Көптеген өңірде егін жинау науқаны қиындыққа ұшырап, жағымсыз хабарға толы болып жатқан сәтте Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы таңғаларлық жаңалықты бөлісті. «Адаптивті және агроландшафты технологиялар» зертханасының меңгерушісі Қанат Ақшалов әріптестерімен бірге гектарына 16-18 центнер бидай өнімін жинаған. Бұл облыстағы орташа көрсеткіштен шамамен үш есе жоғары. Бараев орталығының айтуынша, мұндай нәтиже агроғылымның арқасында мүмкін болып отыр. Бұл туралы World of NAN порталы орталықтың сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Бараев ғылыми-өндірістік орталығының егістік учаскеcінде жаздық бидайдың өнімділігі гектарына 16-18 центнер болды. Құрғақшылыққа толы биылғы жыл үшін өте бұл жақсы нәтиже. Мысалы, аймақтағы бидайдың орташа өнімділігі 6 ц/га болса, өнімділік кей жерде 3-4 центнерге дейін төмендеген.
Бараев орталығының хабарлауынша, астықты өсіріп-өндіру технологиясын интенсификациялау негізінде осындай нәтижеге қол жеткізген. Қанат Ақшолақов кейінгі 30-40 жылда болмаған құрғақшылық шарттарын ескере отырып, мұны «фантастикалық нәтиже» ретінде бағалайды. Оның айтуынша, тұрақты егілген бидайдың шығымдылығы Mini-Till және No-Till жүйесі бойынша да минимум 18 цн/га деңгейінде.
Осылайша, Бараев атындағы орталықтың ғалымдары агроғылымға көңіл бөліп, оны өндіріске енгізудің маңызына назар аударады.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение