Мәзір

Бараев орталығының ғалымдары бал құмайдың жаңа түрін жасап шығарды

11.01.2024
Бараев орталығының ғалымдары бал құмайдың жаңа түрін жасап шығарды

Бараев атындағы ғылыми зерттеу орталығының ғалымдары астық және мал азықтық құмайдың жоғары өнімді жаңа сорттары мен будандарын селекциялап келеді. Олар жасаған соргоның жаңа түрі мемлекеттік сорт сынауына ұсынылған. Бұл туралы World of NAN порталы орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ғылыми-өндірістік орталықтың хабарлауынша, Солтүстік Қазақстанның далалық аймағының экстремалды топырақ-климат жағдайында мұндай селекциялық жұмыстар алғаш рет жүргізілген.

Ғалымдар селекциялық питомниктерде экологиялық-географиялық шығу тегі әртүрлі дәнді құмай мен бал (мал азықтық) құмайдың асыл тұқымдық материалын зерттеген. Сөйтіп Солтүстік Қазақстан жағдайлары үшін перспективті тәтті құмай сортының селекциялық моделінің параметрлері әзірленді. Бұл сорттар – ерте (тұқымның балауызды піскеніне дейін 100-110 күн) және орташа (110-120 күн) аралықта піседі. Өсімдіктері биік (240-260 см), жапырақтары қалың. Бұталылығы орташа. Сабағы жеткілікті қалың, шырындылығы мен қант мөлшері жоғары - 17-20%. Аудандастырылған сорттарға қарағанда, жаңа сорт жасыл масса мен сүрлемнің азықтық құндылығын арттыратын жоғары дәнді өнімділігімен ерекшеленеді. Ол сондай-ақ қарқынды өсіп-жетіледі. Құрғақшылыққа, қызыл бактерия дақтары мен қышымаға, сонымен қатар жапырылуға төзімді.

«Біржылдық мал азығы дақылдары – жем өндірісінің тұрақтандырушы факторы. Метеорологиялық жағдайлар әртүрлі жылдарда жемшөп алуды тұрақтандыруға мүмкіндік беретін дақылдарға біржылдық мал азықтық дақылдар – тары, судандық құрақ, құмай, құмай-судан будандары жатады. Олар құрғақшылыққа төзімді әрі жаздың екінші жартысында жауын-шашынды тиімді пайдалана отырып, шөп, пішендеме өндіруге және мал бордақылауға жарамды жасыл массаның жоғары өнімін береді», - деп ғылыми орталық атап өтті.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии