Мәзір

Қазақстанның ветеринариясында заңсыздық өршіп кетті

23.04.2024
Қазақстанның ветеринариясында заңсыздық өршіп кетті

Energyprom мониторинг агенттігінің мәліметінше, биылғы жылдың қаңтар-наурыз айларында ветеринария саласында 2,4 мың әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген, бұл бір жыл бұрынғыдан 61,7%-ға көп, деп хабарлайды World of NAN.

Ветеринария саласындағы құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы шығарылған тұлғалардың саны 61,2%-ға өсіп, 2,3 мың жеке тұлға мен 79 заңды тұлғаны құрады.

316 ескерту жасалып, 2 мың әкімшілік айыппұл салынды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 97,6 миллион теңге болса, оның 83,4 миллион теңгесі ғана өндірілген.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии