Бас көлік прокуратураның наразылығы бойынша «ҚТЖ-Жүк Тасымалының» жеке тармақ иелері мен жүк иелерін өздерінің тиеу алаңдарын заңнамада көзделмеген талаптарға сәйкес келтіруге, олардың кірме жолдарын ашу үшін құжаттар топтамасын ҚТЖ-ға ұсынуға міндеттейтін, сондай-ақ ҚТЖ филиалдарына жеке кірме жолдарды тексеруге мүмкіндік беретін заңсыз телеграф нұсқаулары жойылды. Бұл туралы World of NAN порталы Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Еске салайық, «Қазақстан Темір Жолы» 1 қазаннан бастап контейнерлерді түсіретін арнайы техникамен жабдықталмаған станцияларға үлкен сыйымдылықтағы контейнерлерді жіберуге тыйым салуды жоспарлаған болатын. Осылайша іс жүзінде барлық дерлік контейнерлік пойыздарды жөнелтуге, бірінші кезекте, ауыл шаруашылығы өнімдерін Қытайға экспорттауға қауіп төнген еді.
2021 жылы пандемияға байланысты Қытай тарапы жабық астық вагондарымен жүк қабылдауды тоқтатқан, ал жүкті контейнермен тасымалдауға көшу ҚТЖ-ның өз бастамасымен іске асқан болатын. Бірақ қыркүйек айында ҚТЖ талаптарды қайта өзгертіп, астық тасымалдаушылар контейнерлік тасымалға енді бейімделген сәтте шарттарды ауыстырғанына наразы болған еді.
Телеграфтық нұсқауларды зерделеу нәтижесінде олардың кәсіпкерлер үшін белгілейтін шектеулері заңнамаға негізделмегенін, ал олардың филиалдарына жеке кірме жолдарды тексеруді жүргізу тапсырмасы Кәсіпкерлік кодекстің нормаларына қайшы келетінін және уәкілетті мемлекеттік органның функцияларын ауыстыруға әкеліп соғуы мүмкін екені анықталды.
Бас көлік прокуратураның наразылығы толық көлемде қанағаттандырылып, телеграфтық нұсқаулар заңсыз деп танылды. Оның күші жойылды.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение