Батыс Қазақстан облысының диқандары бағасы тиімсіз болғандықтан артық астықты сата алмайды. Ресейлік өндірушілер облысқа астықты үйіп әкеліп, мейілінше демпинг жасайды. Бүгін облсытағы сегіз астық қабылдау пунктінің қоймаларына 135 мың тонна астық жиналды. Бұл былтырғы егіннің 33 пайызы, яғни өте көп. Осы жайлы World of NAN порталы Agrokogam.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Батыс Қазақстан обылысының диқандары аспанды, жерді және халықаралық жаңалықтарды мұқият бақылап жүр. Новосибирск облысындағы диқандар көңіл көншітпейтін болжам айтып жатыр, биыл ол жақта нашар түсім күтіп отыр. Ал бұл біз үшін “жағымды жаңалық”. Қазақстанның кейбір облысында қазірдің өзінде егістік алқаптары ыстықтан “жанып” жатыр. Алдағы екі-үш апта тыныш өтіп, артынша дәл астық жинайтын кезде Ресейдің көрші губернияларынан Қазақстанға астық келе бастайтыны айтылып жатыр.
БҚО Ресейдің бес облысымен (Самара, Саратов, Орынбор, Волгоград, Астрахань) шектеседі, бұлардың кем дегенде үшеуінен осында астық әкелінеді. Келген астық жергілікті қоймаларда сақталады немесе транзитпен көрші мемлекеттерге жол тартады.
Ал астық бағасының жағдайы қалай болмақ, ешкім бұнымен бас қатырғысы жоқ. Бір нәрсе анық – астықтың бағасы төменге түсе бермек. Автомобиль жолы арқылы Ресейден жасалатын импорттың жолын кескенмен, жағдай тіпті ушыға түсті. Астықты теміржол арқылы вагондап тасымалдау әлдеқайда ыңғайлы әрі арзан болып шықты.
“Хаминское” ЖШС-нің директоры Александр Лихачев серіктес екі шаруашылықта жалпы 1,5 мың гектар алқапқа күздік дәнді дақылдар еккенін айтады. Егіс маусымының басында әр гектардан 20 центнер өнім алу жоспарланса, бүгінде болжам өзгерді – егін аз әрі сапасы төмен болмақ. Олар күнбағыс алқаптарынан гектарына 5 центнер өнім алуға үміт етеді, бірақ құрғақшылықтан жер жарылып жатыр, бұл болжамның өзі өзгеруі мүмкін. 200 гектарға тары мен қарақұмық, 600 гектарға мақсары егілген. Шаруа әр гектардан 5-6 центнер өнім алынатынын айтады.
“Жаңбыр күтіп жүрміз. Бәлкім сонда өнім болып, қарыздардан құтылармыз. Фермерлердің барлығы егістікті сақтандырып үлгермеді – өтініш жіберетін интернет-ресурс толық дайын болмай, кейбіреулер сонда тіркеле алмай қалды”, – дейді кәсіпкер.
Құрғақшылық салдарынан егін аз жиналса, бұл фермерлерге тиімді болады. Бірақ мұндай жағдайда нан мен ұнның бағасы қымбаттап, қарапайым тұтынушылар зардап шегеді.
Қазір Батыс Қазақстан облысында астықтың тоннасы – шамамен 90 мың теңге, бұл өткен жылдармен салыстырғанда екі есе аз.
Бәйтерек ауданындағы «АгроСервисБатыс» ЖШС басшысы Армат Бисенов бағаның геосаяси жағдайға байланысты өзгергенін айтады. Ресейге салынған санкциялардың соққысы айналып келіп Қазақстанға да тиді. Соғыс басталғалы Ресей астығынан көп ел бас тартып, соңында олар астығын Қазақстан нарығына жаппай шығара бастаған. Осының салдарынан мұндағы баға күрт төмендеп кетті.
«Соғыс басталғанда, Ресей экспортының 40%-ын жауып тастады, сөйтіп олар астықты шығара алмады. Өткен жылы экспортталмаған астықтың экспорттық әлеуеті шамамен 120%-ға жетті. 40 пайызды қоссақ, 160% болады. Енді бұларды бізге импорттауға болады, бірақ тек тікелей рейспен – вагондармен. Бірақ бұл да бізге зиянды болып шықты. Біздің диқандар Ресейдің арзан астығы тиелген жүк көліктері келмесін деп күрескенде, теміржол бағасының одан да арзан екенін есепке алмады. Ресейліктер жеткізуге алдын ала тапсырыс қабылдап, мүмкіндігінше демпинг жасауға дайын. Өйткені олардың бидай сақтайтын жері жоқ. Егін жинау уақыты жақындап қалды, ал былтырғы бидайды қоймадан тез арада босату керек, сондықтан қазір баға құлдырап жатыр. Осы екі жылда Ресей тек демпингтік баға ұсынатын болады», - дейді кәсіпкер.
Кәсіпкерлердің айтуынша, тығырықтан шығатын жалғыз жол бар: Ресей астығын Қазақстан арқылы тасымалдау тарифтерін көтеру. Бірақ олар мұның «қиял-ғажайып» деп санайды.
«Қазақстанды Ауғанстан нарығынан ажырату үшін өзбектер бізге жасағандай темір жол тасымалы тарифін көтеру керек. Бұрын біз Ауғанстан нарығын 90%-ға қамтыған едік, бірақ 3-4 жылдың ішінде осының кесірінен ол нарықтан толықтай дерлік айырылып қалдық. Бүгінде бізде оның 20-30 пайызы ғана бар. Бүгінгі жағдайда біз ештеңе істей алмаймыз, тым болмаса дәл сол әдіспен тарифті аздап көтеріп, Орталық Азия нарығын жауып тастау керек», - дейді Бисенов.
Фермерлер қазіргі жағдаятты ескере отырып, Орталық Азия нарығын – Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстанды жоғалту қаупі бар деп санайды. Сондықтан Қытай, Иран, Парсы шығанағынан, Италия, Бельгия сияқты Еуропа елдерінен жаңа нарық іздеу керек. Бидай ғана емес, жасымық, зығыр, рапсты да өткізетін нарық табу қажет.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение