«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ жеңілдетілген техника лизингі үшін 100 млрд теңге көлемінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы жаңа бағдарламаны іске қосады. Бұл туралы World of NAN холдингтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Жеңілдетілген лизинг агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне тек Қазақстанда құрастырылған ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін жылдық 5% мөлшерме бойынша 7 жылға дейінгі мерзімге ұсынылатын болады.
«Біздің алдымызда мемлекет басшысы қойған міндет бар – ол ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту қарқынын жыл сайын 10% жеткізу. Осы тапсырманы орындау мақсатында Үкімет аграрияларға ең төмен пайызда ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу үшін қаржы бөлді. Мемлекеттік қолдау «ҚазАгроҚаржы» АҚ желісі арқылы жүзеге асырылады. Бұл шағын және орта өнеркәсіп иелеріне ауылшаруашылық парктерін жаңарту үшін үлкен мүмкіндік. Себебі қаржыландырудың жеңілдетілген құралдары дәл осылар үшін бағытталған. Жеңілдетілген бағдарламалар аясында өз еліміздегі отандық техника өндірушілердің тауарларының сатылуын ынталандыруға қолдау көрсету болып табылады»,- деді «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Төрағасы Рүстем Қарағойшин.
«ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның мәліметі бойынша, 2024 жылдың 5 айында аграриялар 4 мыңнан астам бірлік техниканы сатып алған, олардың 60%-ы Қазақстанда құрастырылған.
Мамандар тек Қазақстанда құрастырылған техникаға жеңілдетілген лизинг берудің фермерлерге тиімсіз екенін жиі айтады. Өйткені мұндай жағдайда бәсекелестіктің болмауынан Қазақстанда құрастырылған техниканың бағасы қымбаттап кетеді. Оның үстіне қазіргі сәтте отандық техника өндірісінің қарқыны фермерлердің сұранысын толық қанағаттандыруға жеткіліксіз.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение