АҚШ-тың Вермонт штатында жүргізілген көпжылдық зерттеу биостимуляторларды қолдану жүгері өнімділігін 24%-ға және жүгері сүрлемінің өнімділігін 12,5-30%-ға арттыратынын анықтады. Ал сүт фермасындағы сиырлардың жүгері сүрлемімен көбірек қоректенуі мен сүт өнімділігі арасында тікелей байланыстың бар екені белгілі болды. Бұл жөнінде World of NAN порталы Frontiers in Agronomy журналында жарық көрген мақалаға сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Агрохимиялық препараттарға тәуелді егістік жүйелеріне регенеративті ауылшаруашылық тәжірибелерін енгізу топырақ денсаулығын қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығында жиі қолданылатын регенеративті тәжірибелердің бірі – топырақ құнарын қалпына келтіретін биостимуляторларды немесе микробтық егу құралдарын пайдалану.
Өсімдік биомассасын қайта өңдеу және топырақтағы қоректік заттардың биожетімділігін арттыру үшін ойлап шығарылған Re-Gen стимуляторы жүгерінің өнімділігіне қалай әсер ететінін зерттеушілер анықтады.
Вермонттағы сүт фермасында екі жыл қатарынан (2022-2023) жүргізілген зерттеуде жүгері сабаны мен егістік қалдықтарын қайт өңдеуге арналған биостимуляторды қолдану жүгері масақтарын 24%-ға және жүгері сүрлемін 12,5-30%-ға ұлғайтатынын көрсетті. Сонымен қатар топырақтағы қоректік заттардың да артқаны байқалды.
Осылайша биостимуляторлар өнімділікті арттырып, фермерлерге қосымша экономикалық құндылық тудыратыны анықталды. Одан бөлек жүгері сүрлемінің жоғары өнімділігі сүрлеммен қоректенген сиырлардың сүн өнімділігін ұлғайтты.
Осы зерттеу биостимуляторлардың әлемдегі егіншілік жүйесіне төңкеріс жасау мүмкіндігін көрсетеді. Регенеративті тәжірибені дамыта отырып, фермерлер топырақ денсаулығын жақсартады әрі қоршаған орта мен адам денсаулығына зиян пестицидтерсіз-ақ өнімділікті арттыра алады.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение