Қазақстан үкіметі азық-түлік бағасын тұрақтандырып, инфляцияны тежеуге шаралар қабылдағанымен, тәуелсіз зерттеу бұл әрекеттр әзірше нәтижесіз екенін көрсетіп отыр. PwC халықаралық фирмалар желісінің еншілесі «Strategy&» ұйымы «Қазақстан Республикасындағы баға өзгерістерінің талдауы» атты жаңа тұрақты зерттеуінің бірінші нөмірін жариялады. Зерттеу қорытындысына сәйкес, бір жыл ішінде Қазақстанда азық-түліктің бағасы 35 пайызға қымбаттаған. Бұл туралы World of NAN порталы «Strategy&» зерттеуіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
«Strategy&» жүргізген зерттеу Қазақстан нарығында азық-түлік, дәрі-дәрмек, электроника және құрылыс материалдары бағасының қалай өзгергенін қарастырады. Зерттеушілер ірі онлайн дүкендердегі бөлшек сауда бағасын есепке алған. Компания осылайша жекелеген санаттағы тауарлар бағасының өзгеруіне қатысты нақты жағдайды көрсеткісі келетінін айтады.
«2022 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстанда екітаңбалы жылдық инфляция (12%) байқалды, инфляция 2023 жылдың ақпанына дейін өсуін жалғастырып, кейінгі 26 жылдағы ең жоғары 21,3%-ға жетті, сосын жылдық инфляция деңгейі маусымда біртіндеп 14,6%-ға дейін төмендеді. 2023 жылы жылдық инфляцияның төмендегеніне қарамастан, 2022 жылғы маусым мен 2023 жылғы маусым аралығында азық-түлік бағасы айтарлықтай өскені (+35%) байқалады», - деп жоба жетекшісі Наталья Лим зерттеу нәтижесін түсіндірді.
Зерттеушілер 917 түрлі азық-түлік тауарының бағасына салыстыру жасай келе, Қазақстанда ұн өнімдері ең қатты қымбаттағанын анықтаған. Өткен жылдың маусым айымен салыстырғанда, биылғы маусымда ұн – 84 пайызға, макарон өнімдері – 64 пайызға қымбаттапты. Одан бөлек, астық (+48%) және сүт өнімдерінің (+44%) бағасы да айтарлықтай өскен. Ал субсидиялауды азайтқанына қарамастан, еттің бағасы бір жыл ішінде 7% ғана көтерілген.
Қазақстандық фермерлер әдетте азық-түлікті нарыққа тікелей шығара алмайтынын, саудагерлерге төмен бағада жеткізіп, көбірек табысты диллерлер алатынын айтады.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение