2024 жыл басталғалы бері Беларусь тракторларының Қазақстанға экспорты 40%-ға өсті. Бұл жөнінде World of NAN МТЗ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
«2024 жылы біз қолайсыз ауа-райы салдарынан ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының шығыны төмендеуіне байланысты жабдықтарды сатудың өткен жылғы құлдырауын жауып қана қоймай, сонымен қатар алты айдағы сату көлемін осыған ұқсас көрсеткішпен салыстырғанда айтарлықтай арттыра алдық. 2023 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда биыл жеткізу көлемі 140% құрады, бұл шамамен 2,3 мың бірлік Беларус техникасы», - деп атап өтті «Беларусь трактор сауда үйі» ЖШС директоры Павел Бравин.
Оның айтуынша, дизайнның қарапайымдылығы, қосалқы бөлшектердің толық спектрінің болуы, сондай-ақ қолайлы баға қазақстандықтардың осы техниканы сатып алуына түрткі болып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда ауылшаруашылық техникасының тозуы 70%-дан асады. Осыған қарамастан мемлекет импорттық ауылшаруашылық техникасын субсидиялаудан бас тартты. Сонымен қатар импорттық техникаға салынатын утиль алымы жергілікті фермерлерге қосымша жүк болып отыр. Осының салдарынан қазақстандық фермерлер өнімділігі жоғары, заманауи сұраныстарға жауап беретін импорттық техникаларға қол жеткізе алмай жүр. Ал Беларус тракторларына сұраныстың артуы - қазақстандықтарда басқа таңдаудың жоқтығын білдіруі мүмкін.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение