Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың айтуынша, диқандар үшін қолайсыз ауа-райы болған былтырғы жағдайдың қайталану қаупі жоқ. Бұл жөнінде World of NAN министрлікке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Күз-қыс айларында жауын-шашынның көп болуы қар жамылғысының жеткілікті мөлшерде жиналуына мүмкіндік берген.
«Үкіметтің тапсырмасы бойынша ылғалды көп қажет ететін дақылдарды азайту жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, биыл күріш 6,9 мың гектарға, мақта 16 мың гектарға қысқарды. Бұл жұмыс жалғасады», - деді вице-министр.
Сондай-ақ 2024 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі аясында ирригациялық жобалар несиелер тізіміне енгізілді. Биылдың өзінде 44 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
Сонымен бірге, ауа райы жағдайларына байланысты жоғалған өнімнен ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына келетін шығынды барынша азайту мақсатында ерікті сақтандыру жүзеге асырылуда.
Бүгінгі таңда жалпы сомасы 3 млрд теңгеге 490,2 мың гектар егіс алқабы сақтандырылды.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение