Мәзір

Биыл Қазақстанда бидай жинау 12,5 миллион тоннадан аспайды – сарапшы

15.09.2023
Биыл Қазақстанда бидай жинау 12,5 миллион тоннадан аспайды – сарапшы

Кейінгі 10 жылда егіс алқаптары максималды деңгейге – 13,72 миллион гектарға дейін ұлғайса да, биыл Қазақстанда бидайдың жалпы түсімі 12,5 миллион тоннадан аспайды (өткен жылы рекордтық көрсеткіш – 16 миллион тонна жиналған болатын). Мұндай болжамды Ташкенттегі «Asia Grains and Oils Conference in Tashkent 2023» халықаралық конференциясында сөйлеген сөзінде «Harvest Kazakhstan» ЖШС директоры Дәулет Увашев айтты. Бұл жөнінде World of NAN порталы АПК-Информ агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ол жалпы өнім болжамының төмендеуіне вегетациялық кезеңдегі (қуаңшылық) және егін жинау кезіндегі ауа райының қолайсыздығы (нөсер жаңбыр) әсер еткенін түсіндірді.

Бұл ретте спикер Қазақстанда ауа-райы жақсарып, егін жинау қарқыны айтарлықтай жылдамдайтынына сенім білдірді.

Сарапшы биылғы маусымда Қазақстан бидайының экспорттық әлеуеті шамамен 9,5 млн тоннаны құрайды деп болжайды (астық + астық баламасындағы ұн). Жақында аяқталған 2022/23 жыл ішінде «Harvest Kazakhstan» компаниясының бағалауы бойынша сыртқы нарықтарға астық жеткізілімі 1 миллион тоннаға арта түскен (10,5 миллион тонна), бұл 2011 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш.

«Негізгі нарықтар Орталық Азия елдері болып қала береді – олар қазақстандық бидайдың барлық жеткізілімдерінің шамамен 69%-ын құрайды. Өткен маусымның басындағы пессимизмге қарамастан, біз Әзірбайжан мен Түркіменстанның нарықтарын сақтап қала алдық. Ауғанстанға бидай экспортының көлемін ұлғайттық, сәуір айында Қытайға жөнелтуді бастадық. Тәжікстан да біздің бидай импортының әдеттегі көлеміне оралды», - деді Дәулет Увашев.

Спикер 2022/23 жж. ТМД-дан тыс елдердің үлесіне қазақстандық бидай экспортының 27%-ы тиесілі болғанын, бұл соңғы 5 жылдағы орташа көрсеткіштен сәл жоғары екенін атап өтті. Биылғы маусымда Қытай мен Ауғанстанға астық жеткізілімі артады деп күтіліп отыр, бұл ТМД-дан тыс елдерге экспорт үлесін 30-35%-ға дейін арттыруы мүмкін.

Сонымен қатар, оның ойынша, жаңа маусымда Қазақстанның бидай импорты да азаяды – ол өткен маусымдағы 3 миллион тоннамен салыстырғанда 1,8 миллион тоннаны құрауы мүмкін.

Ал FAS USDA* сарапшылары Қазақстанның биылғы жылға арналған бидай экспорты болжамын рекордтық деңгейге дейін – 9,5 млн тоннадан 10,5 млн тоннаға дейін көтерген болатын. Шамасы, америкалық сарапшылар Қазақстанда тамыздың соңғы онкүндігі мен қыркүйектің бастапқы онкүндігі толассыз жауынға толы болғанын білмесе керек.

*FAS USDA – АҚШ-та ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметін атқаратын ұйым.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии