Үкімет таратқан мәліметке сәйкес, 2023 жылдың басынан бастап отандық АӨК-те 164,5 млрд теңгеге 207 инвестициялық жоба іске қосылған. Үкіметтің айтуынша, мемлекеттік қолдаудың арқасында салаға салынып жатқан инвестициялар көлемі артып келеді, деп хабарлайды World of NAN.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің айтуынша, Arbel Bakliyat түрік компаниясы Қостанай облысында тәулігіне 1 000 тоннаға дейін бұршақ дақылдары өндірісінің толық циклі жобасын іске асырды. Бірінші кезеңдегі инвестициялар көлемі 4 млрд теңгені құрайды, кейіннен 9,4 млрд теңгеге дейін ұлғайтылмақ.
Ал швейцариялық Buhler концернімен бірлестікте Ақмола облысында құны 2,5 млрд теңгеден асатын глютенсіз сұлы үлпегі өндірісі бойынша жоба іске асырылды. Зауыттың қуаты – сағатына 2 тонна. Кәсіпорында шикізатты қабылдау, кептіру, тазарту және сақтау аймақтары бар.
Павлодар облысында 10 мың тонна өнімге арналған көкөніс қоймасы іске қосылды, жоба 1,8 млрд теңгеге бағаланып отыр.
Шығыс Қазақстан облысында қуаты 12 мың тонна астық қоймасының құрылысы аяқталды, жобаның құны – 1,2 млрд теңге. Ал Солтүстік Қазақстан облысындағы ең ірі «Emc agro» ЖШС ет комбинаты жылына 15 мың тонна дайын өнім өндіре бастады. Жобаның жалпы сомасы – 11,5 млрд теңге.
Жалпы 11 айдың қорытындысы бойынша республиканың ауыл шаруашылығына 855 млрд теңге (өткен жылғы деңгейден 11%-ға артық), ал азық-түлік өндірісіне 130 млрд теңге (өсім – 9,5%) тартылған.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение