Мәзір

Биыл Ресейдің сүт өнімдері экспорты 15-18% артуы мүмкін

05.04.2024
Биыл Ресейдің сүт өнімдері экспорты 15-18% артуы мүмкін

Ресейлік сүт өнімдерінің экспорты 2024 жылдың соңына қарай 2023 жылмен салыстырғанда 15-18 пайызға артуы мүмкін. Бұл туралы World of NAN ТАСС агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ресей Ұлттық сүт өндірушілер одағының бас директоры Артем Беловтың айтуынша, биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларының қорытындысына сәйкес елдегі тауарлық сүт өндірісінің өсімі 5% болған.

«2024 жылға арналған болжамдар туралы айтар болсақ, біз экспорттық динамика жалғасады деп күтеміз. Көптеген фактор әсер ететіні анық – олардың арасында логистикалық шектеулер мен транзакцияларды қаржыландыруға қатысты шектеулер бар. Біз экспорт 15-18 пайызға артады деп болжап отырмыз», - деді Белов.

Оның болжамы бойынша, Ресейдегі сүт өндірістің оң динамикасы биыл да жалғаса түспек.

«Біз сүт өндірісінің бүкіл көлемін талдап, болжамаймыз. Тек одан әрі өңдеуге түсетін өнімді ғана болжап, сараптаймыз. Соңғы жылдары өнім 3-3,5 пайызға өсті. Өткен жылы өсім 4 пайызды құрады. Ал биылғы жылы біз өндіріс көлемінің ұлғаюы шамамен 3,5-4% болады деп болжап отырмыз», –  деді Белов.

«Агроэкспорт» федералды орталығының хабарлауынша, Ресей 2023 жылы 215 мың тоннадан астам сүт өнімдерін экспорттады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 8,9% жоғары. Атап айтқанда, құрғақ сүт экспорты 4,7 есе, яғни 20 мың тоннадан астам, сарысу – 2 есе, 24 мың тоннаға дейін өскен.

Естеріңізге сала кетейік, Ресей Федерациясы биылдан бастап сүт өнімдері экспортының тасымал шығындарын 100% субсидиялай бастады. Бұл Қазақстан нарығына арзан сүт өнімдері көбірек келетінін көрсетеді. Осыған дейін қазақстандық сүт өндірушілер Ресей импортына шектеу қою жөнінде бірнеше мәрте өтініш жасаған.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии