Мәзір

Биылғы маусымда шегірткенің таралу көлемі екі есе ұлғаяды

01.04.2024
Биылғы маусымда шегірткенің таралу көлемі екі есе ұлғаяды

Биыл Қазақстан аумағына үйір шегірткелердің таралуы 2,5 млн га аумақты қамтиды деп болжанып отыр, бұл 2023 жылмен салыстырғанда (1,6 млн га) 1,5 есеге көп. Мұндай болжам Ауыл шаруашылығы министрлігінің шегірткеге қарсы күреске дайындық бойынша ай сайынғы жиынында айтылды. Бұл жөнінде World of NAN ведомствоға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Бұл ретте зиянкестердің ең көп таралуы Ақтөбе (784,4 мың га), Қостанай (776,9 мың га) және Түркістан (271,6 мың га) облыстарында күтіледі.

2024 жылы шегіртке үйірлерімен күресу үшін республикалық бюджеттен барлығы 8,1 млрд теңге бөлінген, үкіметтің айтуынша бұл жобаланған аумақты түгел өңдеуге жетеді.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың айтуынша, қазіргі уақытта қоймаларда 1,1 миллион гектар аумақты өңдеуге арналған пестицидтер бар. 323,6 мың гектар жерге пестицид сатып алуға келісім жасалған.

Шамамен сәуір айының үшінші онкүндігінде Түркістан облысында шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары басталады. Бұл өңірде пестицидтерге, оларды тасымалдауға, сақтауға және пайдалануға арналған шығындарды қоса алғанда, бірыңғай қызметті сатып алуға көшу пилоттық режимде сынақтан өтіп жатыр. Келер жылы республика бойынша шегірткеге қарсы күрес қызметтерін орталықтандырылған түрде бірыңғай сатып алуға көшу жоспарлануда. Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілінің айтуынша, бұл жер өңдеудің сапасы мен нәтижесін бақылауға мүмкіндік береді, орындаушылардың жауапкершілігін арттырады және осы қызметтерді сатып алуға бизнестің қатысуы үшін тартымдырақ болады.

Биыл қауіп-қатердің деңгейі өте жоғары. Өткен жылы үкіметтің дайындық шараларына қарамастан фермерлер орасан шығынға ұшыраған еді. Ал бұл жолы қалай боларын уақыт көрсетеді. Қалай десек те, фермерлердің ауыр сынаққа дайындала бергені жөн.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии