Азық-түлік корпорациясы жыл басынан бері 33 миллиард теңгеге жуық қаржыға 300 мың тоннадан астам астық сатқан. Астықты негізінен құс және мал шаруашылықтары, қайта өңдеу кәсіпорындары астықты сатып алды. Бұл туралы World of NAN Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Сатылған астықтың 80 мың тоннасы экспортқа шығарылған.
Ұлттық компания жыл басынан бері Қытайға бидай, арпа және зығыр тұқымын жеткізу бойынша 11 экспорттық келісімшарт жасасқан. Азық-түлік корпорациясының резервтері ішкі және сыртқы нарықтағы сауда көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта корпорацияның қоймасында 1,2 миллион тонна астық қоры бар.
Азық-түлік корпорациясы астық сатудан түскен қаражатты несиелер бойынша пайыздарды өтеуге және жаңа өнімнен жыл сайынғы астық сатып алуға жұмсауды жоспарлап отыр. Бұл астық пен жемшөптің тұрақты резервтік қорын қажет көлемде жаңарту үшін қажет.
Министрліктің хабарлауынша, Азық-түлік корпорациясы тауар биржасында биржалық сауда арқылы астық сатуды жалғастырып келеді.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение