Мәзір

Кәсіпкерлер тамақ өнеркәсібіне көбірек инвестиция құя бастады

31.07.2024
Кәсіпкерлер тамақ өнеркәсібіне көбірек инвестиция құя бастады

Мемлекет өңдеу өнеркәсібін қолдауға көбірек көңіл бөлгенімен, азық-түлік өндірісіне тартылған инвестициялардың негізгі бөлігі әдеттегідей кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен болып отыр. Бұл туралы World of NAN порталы finprom.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

2024 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстанның тамақ өнеркәсібі секторындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 68,7 млрд теңгеге жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда құндық мәнде 9,9%-ға артық. Ал нақты өсім 5,4%-ды құрады. Сөйтіп бесінші жыл қатарынан өсім көрсетті.

Салыстыра кетер болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңінде салаға салынған күрделі салымдар көлемі 62,5 млрд теңгені құрап, жылдық өсім 15,9%-ға жеткен.

Салаға күрделі салымдардың ең жоғары көлемі ұн және жарма өнімдерін, крахмал және крахмал өнімдерін өндіруде байқалып, 19,4 млрд теңге болды. Бұл бір жыл бұрынғыдан 4,3 есеге артық.

Инвестициялауды неғұрлым көп қажет ететін сегменттерге сүт өнімдерін өндіру (15,5 млрд. теңге, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 19,9% төмен) мен ет және ет өнімдерін қайта өңдеу, консервілеу (9,6 млрд. теңге, былтырғы көрсеткіштен 23,4% жоғары) кіреді.

Инвестицияның негізгі бөлігі кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен болды: 58,3 млрд теңге, бұл бір жыл бұрынғыдан 77,1%-ға көп. Банктік несиелер есебінен күрделі салымдар 66,2%-ға, яғни 6 млрд теңгеге дейін, ал банктік емес қарыз қаражаттары есебінен инвестиция 63,2%-ға немесе 4,3 млрд теңгеге дейін төмендеді.

Өңірлер бойынша салаға ең көп инвестиция Павлодар облысына түсіп, 11,7 млрд теңгені құраған. Бұл бір жыл бұрынғыдан бірден 6,8 есеге артық. Негізгі бестікке Түркістан (11,1 млрд теңге), Алматы (9,5 млрд теңге), Солтүстік Қазақстан (8,9 млрд теңге) және Шығыс Қазақстан (4,3 млрд теңге) облыстары да кірді.

Ең төменгі көрсеткіштер Ұлытау, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында тіркелді.

Инвестициялау ұлғайғанына қарамастан, бірнеше мәселе өңдеуді дамытуды қиындатып, саланың өсуіне кедергі келтіріп тұр. Атап айтқанда қолжетімді қаражат мәселесінен бөлек, шикізаттың жетіспеушілігі мен оның қымбаттығы, импортқа тәуелділік байқалады.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии