Өңірдегі құтқарушылар 1400-ден астам жануарды қауіпсіз жерге апарып үлгерді, бірақ шығын бұдан асып түсті. Бұл жөнінде World of NAN inform.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Алдын ала мәлімет бойынша, облыста су тасқынынан 139 бас ірі қара, 39 жылқы, 1413 бас қой-ешкі қырылған. Барлығы 1591 бас мал, 112 құс.
«Табиғи төтенше жағдайлардың салдарынан зардап шеккендерге келтірілген залалды (зиянды) өтеу қағидаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1358 қаулысына сәйкес өтемақы бюджеттік және ұйымдардың қаражатынан, азаматтардың, қорлар мен қоғамдық бірлестіктердің ерікті жарналарынан, басқа да көздерден өтеледі.
Осы қаулыға сәйкес, зардап шеккендер төтенше жағдай туындаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жергілікті атқарушы органға материалдық залалды өтеу туралы өтінішпен жүгінуге міндетті. Егер жәбiрленушiнiң келтiрiлген зиянды өтеу туралы жеке өтiнiш жасауға мүмкiндiгi болмаса немесе кәмелетке толмаған болса, онда оның заңды өкiлдерi сенiмхат негiзiнде өтiнiш бере алады. Бұл сұрау он бес жұмыс күні ішінде өңделеді.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение