Мәзір

Шегірткемен күреске 2500-ден астам адам жұмылдырылды

11.06.2024
Шегірткемен күреске 2500-ден астам адам жұмылдырылды

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров шегірткелерге қарсы күрес пен шаруашылықтарды сақтау мақсатында министрлік тарапынан қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Бұл туралы World of NAN министрлікке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

2024 жылы шегіртке тектестердің таралуының табиғи шыңы байқалады. Зиянкестердің таралу аумағының артуы 2023 жылы да анықталған болатын. Өткен жылы 1,5 млн га аумақ өңделсе, биылғы жылы шегіртке зиянкестеріне қарсы өңдеуге жоспарланған аумақ 2,5 млн га ұлғайған, оның ішінде Түркістан облысы бойынша – 271 мың га.

 

«Ағымдағы жылы өңдеуге 2,5 млн га жоспарланған, бұл соңғы жылдары (2016 жылдан бастап) – химиялық өңдеудің ең кең аумағы болып саналады. Өткен 2023 жылмен салыстырғанда 1 млн гектарға артық. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, біздегі өңделетін жер Орталық Азияның барлық елдері өңдейтін аумақты қосқаннан да көп», - деді Айдарбек Сапаров.

Министр мониторинг пен өңдеу үшін негізгі және қосымша ресурстар тартылғанын атап өтті.  Атап айтқанда, республика бойынша 2500-ден астам маман, 427 арнайы техника: 289 жерүсті желдеткіштері мен штангалы бүріккіштер, 56 аэрозольдік газ генераторлары (ГАРД), 36 аса жеңіл ауа жабдығы, 36 ұшақ жұмылдырылған. Биылғы жылы алғаш рет дрондар нақты нысандарды өңдеуге тартылды, бұл жетуі қиын жерлерде жұмысты жеңілдетті.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии