Мәзір

Болгариялықтар Қазақстандағы ет өңдеу өнеркәсібіне инвестиция құюға мүдделі

22.02.2024
Болгариялықтар Қазақстандағы ет өңдеу өнеркәсібіне инвестиция құюға мүдделі

Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев Болгарияның Ауыл шаруашылығы өндірушілері қауымдастығының (АШӨҚ) төрағасы Венцислав Върбановпен кездесу өткізді. Бұл жайында World of NAN сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Lekkerbek» компаниясының бас атқарушы директоры Колю Колевпен кездесу барысында кәсіпорын басшысы компанияның шетелдегі қызметін кеңейту, атап айтқанда Қазақстанмен жұмыс істеу жөніндегі жоспарлары және көзқарасын бөлісті. 

Оның айтуынша, қазіргі уақытта «Lekkerbek» компаниясы «WFS» неміс компаниясымен бірлесіп елімізде ІҚМ (ірі қара мал) етін қайта өңдеу және кең тұтылатын тамақ өнімдерін өндіру бойынша инвестициялық жобаны іске асыру мәселесін белсенді қарастыруда. Әлеуетті инвестордың ақпаратына сәйкес, жобаны іске асыру үшін ықтимал өңір ретінде Шымкент қаласы қарастырылуда.

Елші В. Темірбаев жобаны сәтті іске асыру үшін Қазақстан жан-жақты қолдау көрсететіндігіне сендірді.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии