Мәзір

Арқалық құс фабрикасында құстың басым бөлігі вирустан емес, асфиксиядан өлген

13.10.2020
Арқалық құс фабрикасында құстың басым бөлігі вирустан емес, асфиксиядан өлген

Арқалық қаласындағы «Агроинтерптица» құс фабрикасында желдетудің болмауынан 256 мыңнан астам бас қырылып қалған. Бұл тауықтар үшін өтемақы қарастырылмаған

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тұрсын Қабдолданов мәлімдеді.

«Құс фабрикаларындағы құс өлімі толығымен тоқтады. «Бескөл құс фабрикасы» ЖШС-де бір айда құс тұмауынан 184 621 құс қырылды. Барлық залал үшін өтемақы беріледі. «Агроинтерптица» ЖШС-не 391 мыңнан астам бас өлді. Оның ішінде желдетудің болмауы салдарынан асфиксиядан 256 040 құс қырылды, олар өтелуге жатпайды. Құс тұмауынан 135 384 бас құс қырылды. Тағы 41 642 бас тәркіленіп, жойылды. Осылайша, екі құс фабрикасына 361 647 бас құс үшін өтемақы беріледі», - деп хабарлады Тұрсын Қабдолданов.

Сондай-ақ, ол Қазақстан Республикасында 64 құс фабрикасы жұмыс істейтінін және олардың тек екеуінде ғана құс тұмауы салдарынан өлім болғанын атап өтті.

«Құс фабрикаларында тексеру жүргізу кезінде олардың иелері ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтамағаны анықталды. Атап айтқанда, құс фабрикаларының аумағында жем-шөпке еркін қол жеткізе алатын жабайы және қоныс аударатын құстар табылды», - деді Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің өкілі.

Бұған дейін Тұрсын Кабдулданов брифингте Қазақстанда құстардың тәулік ішінле өлімі 22 басқа дейін қысқарғанын хабарлады. Жаңа жағдайлар тек Солтүстік Қазақстан облысының жеке қосалқы шаруашылықтарында тіркелген. Республиканың басқа өңірлерінде а.ж. 11 қазанда құс өлімі тіркелген жоқ. Соңғы 10 күндегі динамиканы ескере отырып, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті мамандары Қазақстанда жоғарғы патогенді құс тұмауынан құс өлімінің толық тоқтағанын атап өтті.

«Қыркүйек айының ортасынан бастап жеке қосалқы шаруашылықтарда жоғары патогенді құс тұмауын жұқтырудың салдарынан 25 мыңға жуық құс өлімі тіркелді. Сонымен қатар, инфекция ошақтарынан 20 177 бас құс тәркіленді. Осылайша, қазіргі уақытта барлығы жеке қосалқы шаруашылықтағы  45 110 бас құсқа, оның ішінде 27 393 бас тауық, 777 күркетауық, 10 141 қаз, 6 799 бас үйрек үшін өтемақы беріледі», – деп нақтылады спикер.

Ақпарат көзі: www.gov.kz/memleket/entities/moa


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии