Қазақстанда су шаруашылығы мамандарын даярлау желісін кеңейту жоспарланып отыр. Еліміздің төрт макроөңірі таңдап алынып, осы өңірлерде экономиканың түрлі салаларында флагмандық колледждер құрылады. Бұл туралы World of NAN үкіметке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
2024-2025 жылдары техникалық және кәсіптік білім беруде «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстарын пайдалану», «Гидравликалық мелиорация», «Гидравликалық құрылыс» және т.б. мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту жоспарланған.
«Оңтүстік макроөңірдегі техникалық және кәсіптік білім берудің бас тірек ұйымы ретінде Шымкент қаласындағы Манап Өтебаев атындағы жаңа технологиялар жоғары колледжі таңдалды. Мұнда «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстарын пайдалану» мамандығы бойынша кадрлар даярланады. Студенттерге өндірістік практикадан өту мүмкіндігі беріледі, ал арнайы пәндер педагогтері мен өндірістік оқыту шеберлері үшін біліктілікті арттыру курстарын өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ, өндірістен мамандар тартуды жоспарлап отырмыз», - деді техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.
Бүгінгі таңда бұл бағытта еліміздің төрт макроөңірі таңдалды. Онда экономика салалары бойынша, оның ішінде су саласының болашақ мамандарын даярлайтын тірек колледждер құрылатын болады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. 2024-2025 жылдары «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстарын пайдалану», «Гидротехникалық мелиорация» және «Гидротехникалық құрылыс» және т. б. мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім беруде мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту жоспарлануда. «Оңтүстік макроөңірдегі техникалық және кәсіптік білім берудің бас тірек ұйымы ретінде Шымкент қаласындағы Манап Өтебаев атындағы жаңа технологиялар жоғары колледжі таңдалды. Мұнда «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстарын пайдалану» мамандығы бойынша кадрлар даярланады. Студенттерге өндірістік практикадан өту мүмкіндігі беріледі, ал арнайы пәндер педагогтері мен өндірістік оқыту шеберлері үшін біліктілікті арттыру курстарын өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ, өндірістен мамандар тартуды жоспарлап отырмыз», - деді техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.
Айта кетейік, бүгінде еліміздің бес колледжі су саласының мамандарын даярлайды. И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжі, Мақтаарал аграрлық колледжі, Түлкібас агробизнес және туризм колледжі, Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі және Манап Өтебаев атындағы жаңа технологиялар жоғары колледжінде гидрогеология саласының 300-ге жуық болашақ мамандары оқиды және олардың 90%-ы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алады.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение