Мәзір

БҚО-да $2,4 млрд инвестицияға тыңайтқыш зауыты тұрғызылады

23.02.2024
БҚО-да $2,4 млрд инвестицияға тыңайтқыш зауыты тұрғызылады

Премьер-министр Олжас Бектенов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында азық-түлік қауіпсіздігі бағытындағы жұмыстармен танысты. Оған калий тыңайтқышын шығаратын зауыт жобасының презентация жасалды. Бұл туралы World of NAN үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Олжас Бектенов «World Green Company» ЖШС көкөніс өсіретін жылыжай кешенін де көріп қайтты. Жылыжай аумағында көкөніс өсіруге қажет жағдайдың барлығы жасалған: суару, желдету, көлеңкелеу, ылғалдандыру, салқындату, жылыту және басқа да жүйелер жұмыс істейді, бір жылда мұнда 6 мың тоннадан астам қияр мен қызанақ өндіріледі.

Ал калий тыңайтқышын шығару жобасының қуаттылығы 6 млн тонна болмақ. Оған тартылатын инвестицияның көлемі шамамен $2,4 млрд құрайды. Бұл калий тыңайтқыштарын өндіретін Қазақстандағы тұңғыш тау-кен байыту кешені болады. Бүгінгі таңда елімізде калий тыңайтқыштарына орташа қажеттілік жылына 18 мың тоннаны құрайды. Зауытты 2035 жылға дейін кезең-кезеңімен іске қосу жоспарланған.

«Qazaq Kalium Ltd.» құрылтайшысы Нұрлан Артықбаевтың айтуынша, кәсіпорын ашылғаннан кейін Қазақстан әлемдік нарықтағы өндіріс үлесінің 14%-ын қамти отырып, калий тыңайтқыштарын әлемдік өндірушілердің үздік ТОП-5 қатарына кіреді.

Айта кетерлігі, бұрынғы премьер-министрлердің кезінде де құны миллиардтаған доллар болатын ірі жобалардың таныстырылымы жасалып тұратын. Мысалы, 2019 жылы сол кездегі премьер-министр Асқар Мамин америкалық Tyson Foods компаниясымен келісімге келіп, Алматы облысында жылына 180 мың тонна өнім шығаратын ет өнеркәсібі іске қосылатынын мәлімдеген еді. Қазіргі сәтте Асқар Мамин үкіметте емес, Tyson Foods компаниясының жобасы да ұмыт қалды.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии