Мәзір

БҚО-дағы үш зауыт киік етін өңдейтін болады

27.09.2023
БҚО-дағы үш зауыт киік етін өңдейтін болады

Батыс Қазақстан облысында киіктерді өнеркәсіптік жолмен аулауға дайындық жүріп жатыр. Ет жергілікті 3 зауытта өңделмек. Бұл туралы World of NAN порталы ASTANA TV телеарнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Astana TV телеарнасының сайтындағы хабарламада БҚО кәсіпорындары киік етін кесуге, өңдеуге және сақтауға дайын екені айтылады. Даладағы ақбөкенді реттеу үшін арнайы топ жұмыс істейді. Қазіргі уақытта 200 мың бас киікті аулау жоспарланған, мұны Охотзоопром бақылауда ұстамақ. Ең құнды мүйіздер таңбаланып, 2025 жылға дейін сақтау жоспарланып отыр. Ал ет ауру мен инфекцияға арнайы тексеріледі.

Батыс Қазақстан облысының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының басшысы Нұрлан Рахымжановтың айтуынша, мұны «Охотзоопром» кәсіпорны жергілікті тұрғындар арасынан аңшыларды тарта отырып жүзеге асырмақ. «Караль әдісі бойынша аулау жүргізіледі: бұл дегеніміз үлкен тор, киіктер сонда айдалады», - дейді ол. Ақбөкен еті қала базарларында сатылмақ, кейінірек консервілер түрінде шығару мәселесін қарастырады.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Рүстем Зұлқашевтың айтуынша, кәсіпорындар бір ауысымда 1000-ға тарта киікті қабылдауға дайын.

«3 кәсіпорын киік етін өңдеуге қабылдауға дайын. Бір ауысымда – мың бас киікті, 2 ауысымда – екі мың, 30 күнде – 60 мың, 2 айда – 120 мың басты қабылдай аламыз», - дейді ол.

Еске салайық, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында ақбөкендердің жайылым мен егістік жерлерді басып кеткені, Ақмола, Ақтөбе және басқа да облыстарда 1300 шаруа қожалығы зардап шеккені, егіннің жойылғаны хабарланған болатын. Киіктер осы жылы 800 мың га жайылым мен 121 мың гектардан астам егістікке зиян келтірген. Қазақстанда 2024 жылға дейін киіктерді аулауға мораторий жарияланған. Тыйым биыл қыста аяқталады. Бүгінде елімізді 3 миллионға жуық дала бөкені мекен етеді.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии