Батыс Қазақстан облысының оңтүстік аудандарындағы шаруашылықтарға киіктен 7,9 миллиард теңге залал келген. Бұл туралы World of NAN порталы Хабар 24 арнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Арнайы құрылған комиссия әрбір қожалықтың жерін аралап, биылғы шабылған көптің көлемін анықтап, осындай қорытындыға келді. Киік 1 млн 284 мың гектардан астам жайылым-шабындықты таптап, 5 мың гектар астықты алқапты отап кеткен. Қазір келген шығынды өтеу туралы есеп-қисап ауыл шаруашылығы министрлігіне жіберілді. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен кездесуде белгілі болған. Мамандардың мәлімдеуінше, Жәнібек, Казталов, Жаңақала, Ақжайық, Бөкей Ордасы аудандарында мал азығын дайындау бойынша жағдай күрделі. Өңірдің мал азығына қажеттілігі 2100 тонна болса, соның 59% ғана әзір. Оның басым бөлігі былтырдан қалған жем-шөп қоры.
Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Наурызбай Қарағойшин жағдайға қатысты «күні бүгінге 1300-ге жуық шаруа қожалығына алты ауданның анықталған жерлерге 7,9 миллиард теңге қарастыру жөнінде жасақталған методика бойынша есеп толығымен ауылшаруашылық министрлігіне жолданды. Бұл ешқандай төтенше жағдай емес. Киік мәселесінен зардап шеккен жағдайда төленетін қаржы. Республикалық бюджеттен қарастырылып, төлену жағдайы қарастырылып жатыр», - дейді.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение