Мәзір

Фермерлерден пара алып, 7 жылға сотталды

24.07.2024
Фермерлерден пара алып, 7 жылға сотталды

Петропавл қалалық соты «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директорына қатысты үкім шығарды. Бұл туралы World of NAN Антикорға сілтеме жасап хабарлайды.

Ол ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден арнайы техника сатып алуға және айналым қаражатын толықтыруға жеделдетілген несие беру үшін бірнеше рет 100 және 500 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот оны өмір бойына мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, жеті жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии