Бразилияда жүздеген миллион сиыр бар, бірақ олардың ішінде біреуі ерекше. Оны бақылау камералары, мал дәрігері, қарулы күзетші бақылайды. Сиырдың генетикалық қасиеттері оның бағасын аспандатып жіберді, ал Бразилия фермерлері әлемдік ет нарығын жаулап алу үшін оған үміт артып отыр, деп хабарлайды World of NAN.
Viatina-19 FIV Mara Moveis сиыры - аукционда сатылған әлемдегі ең қымбат сиыр. Гиннестің рекордтар кітабына енген Виатина-19 сиырының құны 4 миллион доллар тұрады. Ол бұрынғы рекордшының бағасынан үш есе қымбат. Сиырдың салмағы 1100 кг, бұл өз тұқымдастарының орташа салмағынан екі есе артық.
Климат зерттеушілері бір ауыздан ауыл шаруашылығы бөлетін парник газдарының көзі және Амазон ормандары жойылуының драйвері саналатын сиырды азырақ тұтыну керек деген пікірде. Бірақ мал шаруашылығы Бразилияның экономикалық дамуының негізгі көзі әрі үкімет жаңа экспорттық нарықтарды жаулап алуға ынталы. Бразилия сиыр етінің ең ірі экспорттаушысы, дегенмен бұл ел осымен тоқтап қалмай, бүкіл әлем өзінің өнімін тұтынғанын қалайды.
Бразилияның мал шаруашылығындағы жоғары амбициясының көрінісі - ет беретін сиырларды көбейту жолындағы жылдар бойғы еңбектің жемісі саналатын Виатина-19. Жыл сайын өткізілетін асыл тұқымды сиыр байқауының жеңімпаздары аукционда жоғары бағамен сатылады - оның жоғары болатыны соншалық, бай фермерлер бір ғана сиыр үшін бар байлығынан бас тартады. Олар чемпион ірі қараның жұмыртқа жасушасы мен ұрығын алып, эмбриондар жасап, оларды суррогат сиырларға имплантациялайды. Осылайша суррогат сиырлар келесі керемет үлгіні береді деп үміт артады.
Қоршаған ортаны зерттеушілер тез салмақ жинайтын, көбірек ет беретін элиталық сиыр тұқымдары қоршаған ортаға залалды азайтатынын алға тартады. Осылайша сиыр санын азайта отырып, дәл сол сәтте көбірек адамды етпен қамтамасыз етуге болады. Бұл қоршаған ортаға шығарған метан газының 86 пайызы азық-түлік өнеркәсібіне тиесілі Бразилия үшін аса маңызды.
Мұхиттың ар жағындағы мемлекеттің жетістігіне тамсанбасқа амал жоқ. Экспорт нарықтарын кеңейтіп, қоршаған ортаға залалды азайтуды көздейтін елдің асқан белесі біздің еліміз үшін әзірше орындалуы мүмкін емес мақсат болып отыр. Қазақстан әлі күнге сиыр етінің экспорттық нарықтарын қалпына келтіре алмай келеді. Елдегі ірі қара мал аусыл індетінен таза, еті қауіпсіз деген мәртебеге түбегейлі қол жеткізе алмай жүргеніне біраз уақыт болды.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение