Мәзір

Бруцеллезбен күресті министрлік өз қолына алуы керек – сарапшы

30.11.2023
Бруцеллезбен күресті министрлік өз қолына алуы керек – сарапшы

Бруцеллездің зияны барлық басқа аурулардың зиянынан бірнеше есе көп. Қазіргі сәтте әр шаруа қожалығы індетпен өз бетінше күреседі. ШҚО ветеринарлары бірлестігінің төрағасы Есенгелді Бәкімбаев Ауыл шаруашылығы министрлігі бруцеллезбен күресті өз қолына алуы керек деп есептейді. Ол мұндай пікірді «Jańa Dala/Vet Astana 2023» мамандандырылған көрме-конференциясында айтты, деп хабарлайды World of NAN.

«Біреулер – РБ-51, енді біреулер – штамм 19 қолданады, ал енді біреулер мүлдем вакцинацияламайды. Сондықтан бізде бруцеллез бен оның қабынуы кең тарап жатыр. Бізде көптеген шаруа қожалықтары, фермерлер, жеке сектор малсыз қалды», – дейді маман.

Есенгелді Бәкімбаевтың айтуынша, аудандардағы ветеринарлық орталықтарды басқару мемлекеттік кәсіпорындарға берілуі керек.

«Олар мемлекеттің қарамағында сияқты көрінеді, бірақ іс жүзінде олар шаруа қожалықтарында жалдамалы жұмысшы сияқты, жануарлардың қозғалысына бақылау жасамайды. Олардың қызметін қадағалайтын инспекция ауданда отырып, ауылдарда не болып жатқанын білмейді. Аудандардағы мал дәрігерлерінің өкілеттігі, бақылауы мен қадағалауы жоқ», – дейді ветеринар.

Бірлестік жетекшісінің түсіндіруінше, малдың бей-берекет көшіп-қонуы індеттің кең тарауына себеп болып отыр. Ал мамандарға берілетін төмен жалақы жағдайды одан әрі қиындатып отыр. «Республика бойынша ең төменгі жалақы – жергілікті ветеринарлық орталықтарда. Ветсанитар – 106 мың, ветеринар – 150-170 мың теңге айлық алады. Жыл соңына қарай оларды үш ай жалақысыз демалысқа жібереді, қосымша төлемдер берілмейді. Соның кесірінен маман жетіспейді», – дейді Есенгелді Бәкімбаев.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии