Абай ауданында жеке үйлердегі ірі қара мен ұсақ малдардан ауру анықталды, деп хабарлайды World of NAN.
Қайнарбұлақ саяжайындағы Т.Құрасбек көшесінің бойында №3 үй аумағында карантиндік шектеулер енгізілді. Және де А.Бабыр көшесінің бойында №106А үй аумағында ұсақ малдан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Тельман бөлімшесіндегі аталған мекенжайда шектеулер енгізілді.
Бруцеллез – бруцеллез тұқымдас бактериялар тудыратын жұқпалы ауру екенін еске саламыз. Көптеген жануарда түсік түсіру және плацентаның сақталуы, орхит, өмірге қабілетсіз жас жануарлардың туылуы және бедеулік арқылы көрінеді. Бруцеллез карантиндік аурулар тізіміне енгізілген.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение