Мәзір

Бұдан былай тек отандық техникаға субсидия беріледі

17.05.2024
Бұдан былай тек отандық техникаға субсидия беріледі

Ауыл шаруашылығы министрлігі 15 мамыр күні «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау» туралы бұйрығына өзгеріс енгізді. Өзгерістер ауыл шаруашылығының дамуына кері әсерін тигізбек, деп хабарлайды World of NAN.

Жаңа ережелерге сәйкес, ауыл шаруашылығы техникасының жекелеген түрлеріне субсидиялау ауыл шаруашылығы техникасы брендіне өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім болған кезде ғана жүзеге асырылады (оны ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші растауы керек).

Яғни, фермерлер техниканың жекелеген түрлеріне субсидияны Қазақстанда жұмыс істейтін өндірушілерден сатып алған кезде ғана алады (қуаты 301 ат күшінен басталатын жем-шөп жинайтын комбайндар, сепкіштер, тіркемелі және өздігінен жүретін бүріккіштер).

Бірнеше күн бұрын Мәжіліс депутаты Ерболат Саурықов инвестициялық субсидиялауда теңдікті сақтауға шақырған еді. Ол импорттық техниканы субсидиядан айыру фермерлерге сапалы техниканы қолжетімсіз қылатынын, өнімділікті төмендететінін және отандық техниканың қымбаттауына апаратынын айтты.

Жақында жүздеген фермер Ауыл шаруашылығы министрлігі қабылдаған Ережелермен келіспейтінін білдіріп, премьер-министрге ұжымдық арыз жолдады. Осыған қарамастан үкімет алған бетінен қайтар емес. Бұл президенттің техника паркін жылына 8-10% жаңарту, АӨК өнімдерінің көлемін екі есе арттыру міндетін орындауға кедергі келтірері анық.

Бұйрық ресми жарияланған күннен бастап 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии