Мәзір

Бұдан былай тек жылытылатын фермерлік жылыжайлар субсидияланатын болады

10.07.2023
Бұдан былай тек жылытылатын фермерлік жылыжайлар субсидияланатын болады

Ашық НҚА порталында Ауыл шаруашылығы министрінің өсімдік шаруашылығын субсидиялауға қатысты 2020 жылғы бұйрығына енгізетін өзгеріс пен толықтырулардың мәтіні жарияланды. Енді бұдан былай субсидия тек жылытылатын жылыжайларға беріледі, деп хабарлайды World of NAN.

Биыл қыста Түркістан облысындағы жылыжайлар суыққа төзбей, соның кесірінен облыстағы фермерлер орасан шығынға батқан болатын. Еліміздегі жылыжай шаруашылықтарының 67 пайызға жуығы Түркістан облысына тиесілі. Осылайша бұл жағдай тек аймақтағы шаруаларға емес, Республика аумағындағы көкөніс тұтынушылардың барлығына зиянын тигізді. Сол сәтте Премьер-Министрдің орынбасары, Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин жағдайға қатысты пікір білдіріп, Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе отырып фермерлік жылыжайларға субсидия беру тәртібін айқындайтынын айтқан еді.

Ауыл шаруашылығы министрлігі фермерлік жылыжайларға мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету тәртібін дайындап, оны «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына енгізуді көздеп отыр. Құжат жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды.

«Бұл ретте өнеркәсіптік жылыжай кешендерінде және фермерлік жылыжайларда жабық топырақта Басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған субсидиялар нормасын белгілеу кезінде шығындар есебінде қысқы-көктемгі немесе күзгі-қысқы кезеңдерде электр энергиясына, газға, көмірге арналған шығыстарды қамтитын 1 дақыл айналымының шығындары ескеріледі», – делінген құжат жобасында.

Ерекше мән беретін жайт, жылытылмаған жылыжайлар субсидияланбайды.

Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин бұған дейін мемлекет субсидиясына қол жеткізу үшін жылыжай иелері кәсібін заңдастыруы қажет екенін айтқан болатын. Оның сөзінше, жылыжайлардың 90 пайызында құжат жоқ.

Бұйрыққа өзгерістер енгізу жөніндегі құжат жобасы 21 шілдеге дейін жария талқыланады. 


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии