ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ағымдағы жылдың соңына дейін азаматтарға қағаз жүзіндегі астық қолхаттарын өтеуге немесе электронды форматта қайта шығаруға шақырады.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қоғаммен байланыс жөніндегі басқармасы келесіні хабарлайды:
«2016 жылғы 9 сәуірдегі «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне астық нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына және 2016 жылғы 8 маусым күнгі ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес 2020 жылғы 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда қағаз жүзіндегі астық қолхаттары күшін жояды».
Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі барлық қағаз түріндегі астық қолхаттарын ұстаушыларға оларды өтеу үшін, не оларды электронды форматқа ауыстыру үшін қолхаттарды берген тиісті астық қабылдау кәсіпорындарына жүгінуге кеңес береді.
Айта кету керек, енгізіліп жатқан жаңашылдық астық қолхаттарын шығарудың құжатсыз (электрондық) форматқа көшуіне және астық нарығына қатысушылардың барлық операцияларын қадағалауға мүмкіндік беретін - ақпараттық жүйеге көшуіне байланысты енгізіліп отыр.
Бұл жүйе деректердің ашықтығын, заң бұзушылықтардың алдын алуды қамтамасыз етеді және астық қолхаттарына деген сенімділікті арттырады.
Ақпарат көзі: https://moa.gov.kz/
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение