Данияның Carlsberg Group корпорациясы Алматыда құны 50 миллион доллар болатын алкогольсіз өнімдердің өндірісін ашуда. Корпорация инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі. Бұл туралы World of NAN порталы Kazakh Invest компаниясына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Carlsberg Group-тың Орталық және Шығыс Еуропа бойынша бірінші вице-президенті Ларс Леман Алматыда жаңа өндірісті іске қосу Қазақстан нарығының қажеттіліктеріне сыра қайнату және алкогольсіз өнімдерді 100% оқшаулауды қамтамасыз етуге көмектесетінін, сондай-ақ қосымша Өзбекстан мен Қырғызстанға, Тәжікстан мен Арменияға экспорттау мүмкіндіктерін сыйлайтынын айтты.
«Кейінгі жылдары «Carlsberg Kazakhstan» ЖШС тұрақты түрде Қазақстанның ТОП-50 ірі салық төлеушілерінің қатарына енді. Біздің аймақтық хабымыз да осында орналасқан. Соңғы екі жылда өндіріске пайдаланылатын жергілікті шикізат пен материалдардың үлесі 30-дан 65 пайызға дейін өсті, алдағы уақытта бұл үлесті 80 пайызға жеткізуді жоспарлап отырмыз», - деді Л.Леман.
Топ Қазақстанға инвестиция салу арқылы жергілікті өндірістің аралас салаларын дамытуға үлес қосады. Қаптама өнеркәсібінде – шыны бөтелкелер, алюминий банкалар және орау пленкасы өндірісі дамиды. Агроөнеркәсіп кешенінде – астық пен уыт өндірісі жолға қойылады.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение