Мәзір

Шенеуніктердің қатесі фермерлерді субсидиядан айырды

06.06.2024
Шенеуніктердің қатесі фермерлерді субсидиядан айырды

Республикалық маңызы бар қала мәртебесін алған Шымкентке көршілес Ордабасы, Сайрам және Төлеби аудандарының елді мекендері қосылды. Ол жер салығы мөлшерлемесін арттырып, мал шаруашылығымен айналысатын фермерлерді субсидиядан айырды. Бұл жөнінде World of NAN Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Атап айтқанда, қаладағы шаруа қожалықтары субсидиялау ережесіне өзгерістер енгізілгеннен кейін жыл басынан бері мемлекеттік субсидиялау ақпараттық жүйесіне өтінім бере алмай жүр.

Себебі, қаланың аумағында субсидиялау қағидасына сәйкес өтінім берген сәтте тауар өндірушіде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер болуы талап етілген және субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесіне тек ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер туралы мәліметті ғана енгізуге болады. Осының салдарынан 2024 жылға жоспарланған 306,2 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатының игерілмеу қаупі бар.

уыл шаруашылығы министрлігі жағдаймен таныс, министрліктен арнайы жұмыс тобы құрылған. Ал мәселенің оң шешілуі – уақыт еншісінде.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии