Мәзір

BNK Irrigation жаңбырлатқыш машинасын шығарушы қазақстандық өндіруші туралы не білеміз?

26.03.2024
BNK Irrigation жаңбырлатқыш машинасын шығарушы қазақстандық өндіруші туралы не білеміз?

 

BNK Irrigation – Қазақстандағы суару машиналарын шығаратын жалғыз кәсіпорын. Компанияның суару бөлімінің басшысы Мұрат Қатыбаев «World of NAN» журналисіне эксклюзив сұхбат берді.

– Қазақстан аумағында жаңбырлатқыш машиналарды шығару ісіне қалай келдіңіз?

– Суару саласында 2019 жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Алғашында біз тамшылатып суару жүйелері мен қытайлық жаңбырлатқыштарды сатудан бастадық. Кейінгі кездері түрік жаңбырлатқыш машиналарын саттық. Алайда уақыт өте келе фермерлер алдындағы бүкіл жауапкершілік бізге жүктеліп, ал негізгі пайда өндірушіге түсетінін түсіндік. Яғни, біз қызмет көрсетеміз әрі ақаулар мен техниканың істен шығуына қатысты бүкіл мәселені шешеміз. Осылайша біздің барлық табысымыз жөндеуге кетті. Сондықтан біз мұндай жүйеден бас тартуды жөн көріп, өткен жылы америкалық әріптестерімізбен бірігіп, облыс әкімдігінің қолдауымен жаңбырлатқыш машиналар шығаруды қолға алдық. Алғашқы көлік өткен жылдың қараша айында шығарылды. Түркістан облысында өзіміздің егіс алқабымыз бар, сол жерде екі жаңбырлатқыш пен 160-170 метр шамасындағы үш аралықты орнаттық. Біз оны суға жалғадық, олар керемет жұмыс істеп тұр. Қазіргі таңда 37 жаңбырлатқыш машина жөнелтілді.

– Сонда сіздің компанияңыз америкалық жаңбырлатқыш машиналар брендін шығаратын болғаны ма?

– Түбегейлі олай емес, біздің технологияларымыз испандық жаңбырлатқыштардың аналогы. Бірақ біздің артықшылығымыз – өндірісте ресейлік металды қолданамыз, ол берік және жоғары сапалы, қоспасыз. Сондықтан жаңбырлатқышымыз аналогтарынан гөрі сәл ауыр, бұл оны желдің екпіні мен тегіс емес алқаптарға төзімді етеді. Ал біздің құрамдас бөліктер американдық Nelson Irrigation және UMC компанияларынан. Біз олармен бірге жұмыс істейміз.

– Бізде отандық өндірушілерге сенбеу деген стереотип қалыптасқан. Бұған қалай қарайсыз?

 

– Әрине, біз ондай пікірге ұшырасып жатамыз. Бізді сынақтан өтпеген деп есептейтін бір өңір бар. Дегенмен бізге сенім артып, жолымызды ұстанғандарға алғыс айтамын, біз олармен жақсы жұмыс істейміз. Сонымен қатар, біз өз тұтынушыларымызға үш жылдық кепілдік береміз. Үш жыл ішінде бірдеңе дұрыс болмаса, біздің команда келіп мәселені шешіп береді. Неліктен біз бұлай шештік? Бұл фермерлермен сенімді қарым-қатынас орнату үшін.

– Сіздің машиналарыңыз америкалықтардыкінен артық деп айта аласыз ба?

– Олай айта алмас едім. Біз алпауыт өндірушілерден артық емеспіз. Олар нарықта жүргеніне 50 жылдан астам уақыт болды. Оларға тек алғыс айта аламын, өйткені олар бізге бұл технологияның жұмыс істейтінін көрсетті. Олар бізге машиналарды дұрыс пайдалануды, есептеуді, қандай дақылдар қолайлы екенін және т.б. үйретті. Қарапайым тілмен айтқанда, біз олардың тәжірибесін алдық. Дегенмен шетелдік технологиялар біздің диқандар үшін өте қымбат. Ал өндіруші ештеңеге жауапты емес. Қазақстандағы өкілдер бәріне жауапты. Сондықтан фермерлерге белгілі бір дәрежеде қызмет көрсетілмейді.

– Сіздердің қызмет көрсетулеріңізде қандай артықшылықтар бар?

– 2022 жылдың соңынан бастап біз жаңбырлатқыштарды жай ғана сатып алу фермерлерге толық аяқталған жұмыстай тартымды емес деген қорытындыға келдік. Сондықтан инфрақұрылым салуды – құбырларды тартуды қолға алдық. Бірте-бірте олар өздерінің сорғы станцияларын сала бастады. Яғни, біз кезең-кезеңімен бүкіл циклды толығымен жабуға қарай жылжып келеміз. Бізге келген фермер қызметтің толық кешенін алады. Сонымен қатар, бізде баға артықшылығы бар, өйткені біз жеткізу немесе кедендік алымдарды төлемейміз.

– Жаңбырлатқыш таңдағанда не нәрсеге назар аудару керек?

– Жаңбырлатқыш машиналарды таңдағанда ең бастысы, өндірушінің кім екеніне қарамастан дұрыс есептеу. Яғни, жер бедерін, желдің екпінін, аймақтың құрғақшылығын және топырақтың ерекшеліктерін ескере отырып, су шашыратудың дұрыс әдісін таңдаңыз. Бізде топырақ талдауын жасамастан суаруды бастап жатады. Суарудың бұл түрі кейбір аймақтарға жарамайды. Я болмаса шашыратқышты төмен түсіру керек немесе көбірек дисперсия жасау керек. Бұған біз де көмектесе аламыз. Яғни, сіз зауытқа келе аласыз, біз машинаны сіздің талаптарыңызға сай дайындаймыз.

– Мемлекет жаңбырлататын қондырғыларды шығаратын отандық өндірушілерге қолдау көрсете ме?

– Облыс әкімдігі фермерлермен кездесу ұйымдастыруға көмектесіп жүр. Олар су үнемдейтін технологияларға көшуді белсенді түрде насихаттайды. Болашақта Қазақстан су ресурстарының тапшылығына тап болатынын бүгінде бәріміз жақсы түсінеміз. Сондықтан біздің міндетіміз – су ресурстарын үнемдейтін технологияларды барлық жерге енгізу және тарату.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии