Мәзір

Бидайдың бағасы қалай өзгеріп жатыр?

25.12.2023
Бидайдың бағасы қалай өзгеріп жатыр?

World of NAN редакциясының сарапшысы әлемдік ауылшаруашылық нарығындағы 11 – 22 желтоқсан аралығындағы бағаларға шағын шолу жасады.

Әлемдегі бидай бағасы кеінгі екі аптада әрлі-берлі қозғалысты көрсетті. Чикагодағы жұмсақ бидайдың бағасы бар болғаны 0,2%-ға өсіп, тоннасына 227 долларды құрады. Бірақ күздік қатты бидай (Hard Red Winter) осы кезеңде 6,9%-ға ($229) төмендеді. Баға айырмашылығының азаюы, негізінен, HRW экспорттық сатылымдарының әлсіздігімен байланысты болды. Биылғы маусымда болжамды көлемнің 64 пайызы ғана экспортталған болса, жұмсақ бидай бойынша бұл көрсеткіш 89 пайызды құрайды. Жалпы, Америка Құрама Штаттарының бидай экспорты өткен жылғы нәтижеден әлі де 2,9%-ға озып келеді.

Қара теңіздегі ресейлік бидайдың экспорттық бағасы бұрынғы деңгейде қалып отыр. Индекс екі апта ішінде 0,5%-ға төмендеп, тоннасына 250 долларға жетті. ETS тауар биржасының мәліметтері бойынша, клейковинаның мөлшері 23-24% құрайтын 3-кластағы жұмсақ бидайдың сұраныс бағасы тоннасына ₸130 мыңнан ₸135 мыңға дейін өсті. Айта кетейік, 15 желтоқсанда бұл бидайға көлемі 3 мың тонна ₸135 мың бағамен мәміле жасалған.

Осы екі аптада қант тағы 9,9%-ға арзандады, ал бір айда бағаның төмендеуі 20,4%-ды құрады. Лондонда бір тонна қанттың бағасы 590 долларға жетті. Бұл 2023 жылдың наурызынан бергі ең төменгі көрсеткіш. Бразилиядағы өндірістің артуы аясында бағаның төмендеуі жалғасып келеді. Өткен сейсенбідегі деректер қарашаның екінші жартысында өндірістің жылдық 35%-ға өскенін көрсетті, бұл жыл сайынғы өсімді осы маусымда 23,5% -ға жеткізді. Сондай-ақ Үндістанда үкімет қорды толықтыру үшін этанол өндірісін қысқартуға және өндірісті қантқа ауыстыруға бұйрық берді. Сарапшылар бұл қант өндірісін 2 миллион тоннаға арттырады деп есептейді. Дегенмен, муссон кезіндегі жауынның әлсіз болуы өндірістің қазаннан желтоқсанға дейін 10,7%-ға немесе 7,4 миллион тоннаға дейін төмендеуіне әкелді.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии