Мәзір

Дәнді дақылдардың жағдайы негізінен жақсы

19.06.2024
Дәнді дақылдардың жағдайы негізінен жақсы

Қазақстандағы жаздық дәнді дақылдардың маусым айының бірінші онкүндігіндегі жағдайы облыстардың көпшілігінде негізінен жақсы, кей жерлерде өте жақсы. Бұл туралы World of NAN Қазгидрометтің он күндік шолуына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Республиканың оңтүстігінің және оңтүстік-шығысының бақылау учаскелерінде жаздық дәнді дақылдар «түтікке шығу» - «масақтану» фазалары байқалған, Жамбыл облысының Қордай, Мерке, Шу аудандарында және Түркістан облысының Қазығұрт ауданында жаздық арпа егістіктерінде «дәннің сүттеніп пісу» даму фазасы байқалды. Жаздық дәнді дақылдардың жағдайы көбінесе жақсы.

Батыста жаздық дәнді дақылдардың егістіктерінде «3-ші жапырақ»-«түптену» даму фазалары байқалады. Жаздық дәнді дақылдардың жағдайы көбінесе жақсы.

Солтүстікте (Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстары) жаздық дәнді дақылдарды себу науқаны аяқталуда, егістіктерде «дәннің өнуі» -«3-ші жапырақ» даму фазалары, жеке учаскелерде «түйін тамырының пайда болуы» байқалған. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы және өте жақсы.

Еліміздің орталығында жаздық дәнді дақылдарды себу жұмыстары жалғасуда, Абай ауданында (агропост Агроқалашық) сәуір айының екінші онкүндігінде себілген жаздық арпа егістіктерінде «масақтану» даму фазысы орын алған. Жаздық бидай дақылдары «3-ші жапырақ» - «түйін тамырының пайда болуы» даму фазаларында. Жаздық дәнді дақылдардың жағдайы көбінесе жақсы.

Еліміздің шығысында жаздық дәнді дақылдар егістіктерінде «түптену» - «3-ші жапырақ», ерте себілген егістіктерде «масақтану» - «төменгі сабақ түйінінің пайда болуы» даму фазалары байқалған, өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы және өте жақсы.

Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында күздік бидай бақыланатын учаскелерде «масақтану» - «дәннің сүттеніп пісу» даму фазалары, Жамбыл облысының Қордай мен Түркістан облысының Шымкент метеостанциялары маңайларында «балауыздық пісу» даму фазалары байқалады. Күздік бидайдың жағдайы көбінесе жақсы және өте жақсы.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии