Мәзір

Дания сиырдан шығатын метанға салық енгізген алғашқы ел атанбақ

27.06.2024
Дания сиырдан шығатын метанға салық енгізген алғашқы ел атанбақ

Дания сиыр, шошқа және қойдан шығатын парниктік газдарға салық енгізуге дайындалып жатыр. Әр сиырға шамамен $100 салық енгізіледі. Ел билігі осындай әдіспен климаттың өзгеруін тойтармақ. Бұл жөнінде World порталы Associated Press агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Метан жылуды ұзақ сақтайды және парниктік әсерге әкеледі. Сондықтан ол қоршаған ортаға қауіп төндіреді. Мұндай газ сиыр, шошқа және қойдың ас қорытуы кезінде бөлінеді.

Енгізілгелі жатқан салық жүйесі бойынша, алғашында фермерлер метанның тоннасына 120 дат кронасын төлейді, бұл шамамен 8 мың теңге. Бір сиыр орташа есеппен жылына 6 тонна метан бөлетінін ескерсек, жылдық салық көлемі 50 мың теңгеге жуықтайды. Салық сомасы біртіндеп өсіп, 2035 жылға қарай метанның тоннасына 750 дат кронына дейін жетпек.

Жаңа Зеландия да осыған ұқсас заң енгізбек болған, бірақ парниктік газдарға салынатын салық бизнесті тиімсіз ететінін алға тартып, фермерлер наразылық білдірді. Ақырында Жаңа Зеландияның фермерлері өз мақсатына жетті.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии