Мәзір

АШМ: жайылымдардың жүктемесі бойынша космомониторинг деректері ашық түрде қолжетімді

04.01.2021
АШМ: жайылымдардың жүктемесі бойынша космомониторинг деректері ашық түрде қолжетімді

Жер ресурстарын басқару комитетінің төрайымы Гүлжахан Бимендина ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа отырысында жайылымдардың жүктемелігі бойынша космомониторинг деректерін қалай бақылауға болатынын жеткізді, - деп хабарлайды World of NAN министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жайылымдық жерлер бойынша космомониторинг жүргізу процесі мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің және ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жүйесінің дерекқорын интеграциялау арқылы жүзеге асырылады. Деректер жайылымдық жерлердің жүктемесінің бекітілген нормативтеріне сәйкес автоматты түрде салыстырылады. Алынған ақпарат негізінде өңірлердің электрондық картасы тиісті түспен боялады. Жайылымдардың жүктелмеген учаскелері қызыл түспен бейнеленеді», - деп атап өтті комитет төрайымы.

Гүлжахан Бимендинаның айтуынша, ғарыштан түсірілген ақпараттар арқылы жайылымдардың қаншалықты жүктелгенін ғана емес, егістік жерлерді пайдалану барысын да қарауға болады. Мысалы, жер инспекторлары алқаптарды өңдеу барысын, дақылдардың түрлерін анықтайды, химиялық өңдеу және т.б. процестерді бақылайды.

Жер инспекторының жеке кабинетінде пайдаланылмайтын жерлерге хабарламаларды автоматты түрде қалыптастыру және осы құжатты жер пайдаланушылардың жеке кабинеттеріне жолдау қарастырылған.

Сондай-ақ, Г.Бимендина ҚР АШМ жақында Smart Bridge мемлекеттік платформасында ЖТҚ (жеке тұрғын-үй құрылысының) жаңа нұсқасын іске қосқанын хабарлады. Ал ескі нұсқасы мұрағатқа көшірілген.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии