Мәзір

Дариға Назарбаева су ресурстарын сақтау бойынша мемлекеттік бағдарлама әзірлеуді ұсынды

05.12.2019
Дариға Назарбаева су ресурстарын сақтау бойынша мемлекеттік бағдарлама әзірлеуді ұсынды

Сенатта Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті дайындаған Қазақстанның су қауіпсіздігі тақырыбындағы парламенттік тыңдаулар өтті.

Комитет төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед өз әріптестеріне арнаған сөзінде Дариға Нұрсұлтанқызы төрағалық еткен комитет бұл мәселені екі жыл бойы өз отырыстарында көтергенін атап өтті. "Үкіметке бірқатар ұсыныстар берілді, алайда бұл мәселелердің толық шешімін әлі көрмейміз", - деді ол.

Парламенттік тыңдауларда сумен қамтамасыз ету саласындағы негізгі қауіп-қатерлер су қорларын ластау, гидротехникалық құрылыстардың тозуы, сыбайлас жемқорлық пен құрылыс стандарттарын сақтамау, трансшекаралық өзендерге тәуелділік, су ресурстарын басқару және олардың сапасын бақылау жүйесінің жетілмегендігі, ауыз су бойынша мемлекеттік бағдарламалардың тиімсіз іске асырылуы болып табылады деп айтылды.

Тыңдауда сөз сөйлеген сенатор Қайрат Қожамжаров "Ақ бұлақ", "ауыз су" бағдарламаларына бюджеттен 1,2 трлн теңге жұмсалғанын, алайда ауылдық елді мекендердің 51% таза ауыз суға қол жеткізе алмайтынын атап өтті. Бұл шамамен 2,5 млн адам немесе халықтың 13%. Сенатор Үкіметке бөлінген бюджет қаражатының мақсатты игерілуіне бақылауды күшейтуді ұсынды.

Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованың ақпараты бойынша, су ресурстары комитеті бюджет қаражатын жұмсаудың мемлекеттік аудитінің нәтижелері бойынша 2,5 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтарды, 26,3 млрд теңгеге мемлекеттік ресурстарды тиімді жоспарлау мен пайдалануды, 189 рәсімдік қателіктер анықтады.

ҚР География Институтының директоры Ахметкал Медеу өз сөзінде бөгет иелеріне қатысты заңды күшейту керектігін атап өтті. Олар өз иеліктеріне инвестиция салмай, барлық пайданы алады, ал төтенше жағдайлардан кейінгі салдарды мемлекет түзетеді.

Оның әріптесі, Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институтының директоры. Малис Абсаметов су объектілерінде жобалық, құрылыс және пайдалану жұмыстарын жүргізуге қабілетті, білікті кадрлардың өткір тапшылығы мәселесін қозғады.

Парламенттік тыңдауларды қорытындылай келе, Д. Назарбаева мемлекетке су ресурстарын сақтау бағдарламасы қажет екендігіне ерекше назар аударды. Бұл проблеманы зерделеу елдің ғылыми институттары үшін алдыңғы қатарлы міндет болуы тиіс, әсіресе су үнемдеу технологияларын қолдану, бюджетке түсетін жүктемені азайтуы мүмкін инвестицияларды тарту әлеуеті бөлігінде.

Сондай-ақ Сенат Төрағасы су қауіпсіздігі мәселелеріне ғана жауапты болатын мемлекеттік орган құруды ұсынды.

"Су қауіпсіздігі бойынша алғашқы екі тыңдауда біз тек қана сумен, тек су қауіпсіздігімен айналысатын жеке уәкілетті орган қажеттігі туралы ұсынымдарда айттық. Біз күн тәртібінен бұл мәселені алып тастамаймыз. Мен бұл мемлекеттік органның қандай түрде жұмыс жасайтынын білмеймін - агенттік немесе мамандандырылған ұйым, бірақ бұл тек осы мәселелерге жауап беретін жеке құрылым болуы тиіс, осы бойынша жауапты және өз іс - әрекетіне жауап беретін", - деді Д. Назарбаева.

Парламенттік тыңдаудың қорытындысы бойынша Сенат депутаттары Үкіметке жіберілетін ұсынымдар әзірледі.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии