«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы Бауыржан Қасенов бастаған қазақстандық аграрлық ғалымдар делегациясы ауыл шаруашылығы және аграрлық ғылымды дамыту саласында тәжірибе және білім алмасу мақсатында Қытай Халық Республикасына сапармен барды, деп хабарлайды World of NAN.
Сапар барысында делегация Қытайдың ғылыми және оқу орындарының өкілдерімен, сондай-ақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы ұйымдарының өкілдерімен бірқатар кездесу мен келіссөздер жүргізді.
Делегация сонымен қатар Қытайдың бірнеше фермалары мен ғылыми орталықтарын аралады, олардың озық тәжірибелерімен, сондай-ақ соңғы әзірлемелер мен технологиялармен танысуға мүмкіндік алды. Қазақстандық ғалымдар аграрлық сектордағы мәселелерді шешудің жаңа тәсілдерін меңгеру мүмкіндігіне қол жеткізді.
Делегация өкілдерінің айтуынша, кездесу достық және конструктивті жағдайда өтті. Ғалымдар ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер мен түйткілдерді талқылап, екі тарап идеялары мен шешу жолдарын ұсынды. Заманауи технологияларды пайдалана отырып, өсімдік шаруашылығын, топырақтануды, агрохимия мен мал шаруашылығын дамытудың келешегін талқыланды
«Қазіргі уақытта ҰАҒО алдында ауыл шаруашылығы ғылымының танымал шетелдік орталықтарымен толыққанды ғылыми-тәжірибелік ынтымақтастық орнату міндеті тұр. Осы орайда Қытай Халық Республикасының ғылыми фермерлерімен достық, өзара тиімді қарым-қатынастың маңызы ерекше. Біз жеке ғылыми-технологиялық бастамаларға қолдау көрсетіп, білім беру бағдарламаларын аграрлық сектордың қажеттіліктеріне бейімдейтін боламыз», - деді басқарма төрағасы Бауыржан Қасенов.
Қазақстан мен Қытай өкілдері екі елдің ауыл шаруашылығының өнімділігі мен тұрақтылығын арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы ғылымы саласында алдағы уақытта да тығыз және жемісті жұмыс жүргізетініне сенім білдірді.
Кездесу қорытындысы ретінде Бауыржан Қасенов қытайлық әріптестеріне қонақжайлық көрсеткені үшін алғыс білдіріп, Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение