Мәзір

Депутат: 2 млн гектар жайылым жер конкурссыз берілген

22.06.2023
Депутат: 2 млн гектар жайылым жер конкурссыз берілген

21 маусым күні Мәжіліс отырысында депутаттар жайылым жерлерді пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын талқылап, бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл заң жобасы бойынша, жайылым жерді конкурссыз беруге тыйым салынады және жайылымның жалпы алаңына түсетін жүктеме нормасынан 50% аз болған жағдайда, оны мемлекет қайтарып алады, деп хабарлайды World of NAN.

Сенаттағы Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі сенатор Сұлтан Дүйсембиновтың айтуынша, қазіргі уақытта жайылым жердің дефициті – 30 млн гектарға жуық. Ал ауылдық жерлер маңындағы жайылым жердің тоқсан пайызына жуыға шамадан тыс пайдалану салдарынан тозып кеткен. Сенат депутаты 2017 жылы қабылданған Жайылымдар туралы заң өз мақсатына толық жете алмағанын айтып өтті.

Жайылым жерге дефицит болғанына қарамастан, жекеменшікке берілген және пайдаланылмай жатқан жайылым жерлер де жетерлік. Депутат ұсынған өзгерістер мен толықтырулар қолданыстағы заңды жетілдіруге бағытталған. Заң жобасына “қоғамдық жайылым” ұғымы енгізіліп отыр.  

«Жергілікті халық жеке қосалқы шаруашылығында ауылшаруашылық жануарларын жаю үшін жайылымдық жерлерді тегін пайдаланады, ал агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне тек конкурстық негізде беріледі», – делінген заң жобасының қорытындысында. Парламент Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Нұржан Әшімбетов ауыл шаруашылығы министрлігінің деректеріне сүйене отырып, бүгінде республикада 2 миллион гектардан астам жайылым конкурссыз ұсынылғанын айтты.

Сондай-ақ жайылымның жалпы алаңына түсетін жүктеме нормасынан 50% аз болған жағдайда мемлекет қайтарып алады. Бұрынғы ереже бойынша, жайылымның жалпы алаңына түсетін жүктеме нормасының 20%-нан аз болған жағдайда мемлекетке қайтарылатын. Заңдағы осы өзгеріс жайылым дефицитін жабуды көздейді.

Қазақстандағы қолда бар 187 миллион гектар жайылымдық жердің қазіргі таңда тек 82 миллион гектарға жуығы ғана пайдаланылып отыр, оның 61 миллион гектары – ауыл шаруашылығы мақсатындағы, 20 миллион гектары – елді мекендердің жерлері. Ал жалпы мал басының жартысына жуығы ғана ауыл шаруашылығы алқаптарында жайылады. Қалған жартысы (45–50%) елді мекендерге жақын жайылымдарда жайылады, оның үстіне елді мекендер жайылыммен біркелкі қамтамасыз етілмеген.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии