Мәзір

Депутат Ардақ Назаров малшылардың мәртебесін көтеруді ұсынды

22.06.2023
Депутат Ардақ Назаров малшылардың мәртебесін көтеруді ұсынды

Бүгін Парламент мәжілісінің отырысында депутат Ардақ Назаров малшылардың әлеуметтік жағдайына тоқталып өтті. Ол премьер-министр Әлихан Смайыловқа малшылардың мәртебесі жөнінде ұсыныс жолдады, деп хабарлайды World of NAN.

Депутат өз сөзінде мемлекетті азық-түлікпен қамтамасыз етуде малшылар маңызды рөл атқарып отырғанын түсіндірді. Оның айтуынша, малшылар ауыр еңбек шарттарында жұмыс істеп жүр. Депутат Назаров малшылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында бірнеше шараны іске асыруға шақырды.

«Біріншіден, малшының балаларын балабақшамен қамтамасыз ету қажет. Мектеп жасындағы балаларының жақсы білім алуына жағдай жасап, арнайы интернаттар ашылуы керек. Екіншіден, ҰБТ тапсырған малшы балаларына арнайы жеңілдіктер жасап, ЖОО-ға түсуіне гранттар бөлу қажет. Үшінші, малшының денсаулығы өте маңызды. Сондықтан жылына бір мәрте малшы жанұясымен бірге тегін медициналық тексерістен өтіп, жылына бір мәрте шипажайда демалуға жолдама алуы қажет. Төртіншіден, ауыл мен аудан орталықтарында мемлекеттік бағдарламамен салынып жатқан қолжетімді тұрғынүймен қамтамасыз ету қажет. Бұл жағдай малшының өз өмірінде тұрақтауын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, малшының зейнетке шығу жасын төмендетуді ұсынамын. Мәселен, әскери қызметкерлер сынды 25 жыл үзіліссіз мал баққан малшы зейнетке ерте шығуы қажет. Алтыншыдан, бүгінгі таңда малшының еңбегі жұмыс беруші тарапынан бағаланбай жатқанын ескерер болсақ, «Еңбек» бағдарламасы арқылы мемлекеттен белгілі бір пайызда қосымша жалақы төленуді қарастыру қажет деп ойлаймын. Жетіншіден, жыл сайын әр өңірден білікті әрі озат малшылар анықталып, мемлекет басшысы атынан Еңбек ері атағын беруді ұсынамын», - дейді Ардақ Назаров.

Депутат малшылардың еңбегін елеп-ескеруге, құрметтеуге шақырады. Ол жоғарыдағы ұсыныстар жүзеге асса, елде мал басы артып, халықтың әл-ауқаты жақсаратынын және ата кәсіпке қызығушылар саны көбейетінін атап өтті.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии