Кеше Мәжілістегі Үкімет сағатында депутат Марат Бәшімов Жер кодексіндегі алқап иелері жайлы деректі ашық жариялау талабы орындалмай отырғанын айтып, министрге сауал жолдады деп хабарлайды World of NAN.
19 маусым күні Мәжілістегі Үкімет сағатында ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев баяндама жасаған болатын. Артынша депутаттар министрге сауал жолдады. Депутат Марат Бәшімов өз сауалында Жер кодексінің Конституциядан кейін тұрған заң екенін айтты. Осы құжат бойынша, жерді иеленген жеке және заңды тұлғалардың есімі ашық дереккөзде жариялануға тиіс.
«Бұл мәселе тіпті бірінші курста оқитын кез келген заңгерге де түсінікті. Парламент қабырғасында осыны айтудың өзі күлкілі. Жер кодексі қолданысқа енгеніне үш жыл болса да, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді кімдер иеленіп отырғаны әлі күнге жасырын. Бұл түрімізбен құқықтық мемлекетті қалай құрамыз?» – дейді Марат Бәшімов.
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев агроөнеркәсіптегі жер телімдерінің қай компанияға тиесілі екені жасырын емес деп түсіндірді. Оның айтуынша, онлайн ресурста ол жайлы мәліметтер бар. Енді бұл компаниялардың артында кімдер тұрғанын жариялау қалып отыр.
«Жер учаскелері қай компаниялардың иелігінде екенінің бәрі онлайнда анық көрініп тұрады. Сіз әрі қарай соның иелерін көрсетуді айтып отырсыз ғой. Ол мәселені Әділет министрлігімен пысықтап, жазбаша түрде жауап берейін», – деді министр.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение