Мәзір

Депутат: министрліктің талабы салдарынан фермерлер суға субсидиясыз қалады

28.02.2024
Депутат: министрліктің талабы салдарынан фермерлер суға субсидиясыз қалады

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Қайрат Балабиев суармалы егістік суын пайдаланушылардың мәселесін көтерді. Оның айтуынша, Ауыл шаруашылығы министрлігінің егістік алқапқа су өлшегіш құралын қою талабын фермерлер жақын уақытта орындай алмайды, деп хабарлайды World of NAN.

Мәжіліс депутаты Түркістан облысындағы мақта өсірушілердің проблемасына назар аударды. Оның түсіндіруінше былтыр егіншілер құрғақшылыққа тап болып бір қиналса, кейін өнімді өткізу бағасын белгілей алмай екі қиналған. Енді бұған суға бөлінетін субсидия мәселесі де қосылып отыр.

«Шаруалар берілетін субсидиясына заңнамадағы қайшылықтар салдарынан қол жеткізе алмай қалды. Себебі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілген қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларына сәйкес егіс алқабына су есептегіш құралдары мен құрылғылары орнатылмаған жағдайда субсидия берілмейді. Бұл талап ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі», - дейді депутат.

Дегенмен маусымдық жұмыстардың басталуына аз уақыт қалды, егін құрылғыны орнатып болғанша күтіп тұра алмайды. Оның үстіне бәрінде бірдей су өлшегіш орнатуға қаржылай мүмкіндік те жоқ. Депутаттың пікірінше, Түркістан облысында 500 мың гектардан астам суармалы егістік алқабы бар екенін және 80 мыңнан астам агроқұрылым жұмыс істейтінін ескерсек, министрліктің бұл талабы талай адамды табыстан қағып, фермерлерге қосымша салмақ болуы мүмкін.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии